RU

Өзбекстанда өзін буындырмақ болған ер адамға стақан лақтырған қыздың өзі сотталуы мүмкін (видео)

Кісен
Көрнекі сурет: pixabay.com

Өзбекстанда мейрамханада өзін екі рет буындырмақ болған ер адамға стақан лақтырған ару бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп хабарлайды centralasia.media.

Желіде аталмыш оқиғаның видеосы тарады. Видеодан ер адам мен бойжеткеннің сөйлесіп отырғанын, бір сәтте оның қызды буындыра бастағаны байқалады.

Екінші ретте ол қызға тағы күш көрсетпек болады, алайда бойжеткен тойтарыс беріп, кейін стқанды бетіне лақтырып кетіп қалады.

Осы уақытта даяшылар мен күзетші жүгіріп келеді.

Көп ұзамай қыздың үстінен Қылмыстық кодекстің 104-бабы, 2-бөлігі (қаруды немесе суық қару ретінде пайдалануға болатын заттарды қолдана отырып, қасақана ауыр дене жарақатын салу) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Бұл бап бойынша айыпталушы бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ал бойжеткеннің адвокаты бұл істі Қылмыстық кодекстің 106-бабына (Психикалық толқулар жағдайында қасақана ауыр немесе орташа дене жарақатын келтіру) ауыстыруды ұсынған.

Басылымның жазуынша, бойжеткен бұл азаматпен бірнеше жыл қарым-қатынаста болған. Ол қызға психологиялық қысым көрсеткен. Бойжеткен кеткісі келгенімен, жігіт қысым көрсету арқылы қайтарып алып отырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918405-ozbekstanda-ozin-tunsyqtargan-zigitke-staqan-laqtyrgan-qyz-sottaluy-mumkin/