RU

Қазақстанда коронавирус дертінен жазылып шыққандардың саны жарияланды

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елімізде коронавирус дертінен қанша адамның жазылып шыққаны туралы ақпаратты Coronavirus2020.kz ресми Telegram-каналдында жария етті.

Қазақстанда өткен тәулікте 838 адам коронавирус дертінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша жазылғандар саны келесідегідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 224

Шымкент қаласы - 33

Ақмола облысы - 15

Алматы облысы - 30

Атырау облысы - 10

Шығыс Қазақстан облысы - 69

Жамбыл облысы - 15

Батыс Қазақстан облысы - 122

Қарағанды облысы - 124

Қостанай облысы - 14

Қызылорда облысы - 16

Маңғыстау облысы - 41

Павлодар облысы - 65

Солтүстік Қазақстан облысы - 15

Түркістан облысы - 45

Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 384077.

Еске салсақ, бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі коронавирусқа қарсы вакцина ақылы болуы мүмкін деген мәліметке түсініктеме бергенін жазған едік.

БАҚ өкілдері халық арасында қазір коронавирусқа қарсы тегін вакцина салдырмаса, кейінірек екпені ақылы түрде салдыруға тура келетіні туралы қауесет тарап жатқанын айтты.

"Бұл жалған ақпарат. Вакцинация тегін, ерікті түрде жасалады", – дейді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

Одан бөлек, Қазақстанда 19 маусымдағы мәлімет бойынша, коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 2 719 987 адам салдырғанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, елімізде өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғанын жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918519-qazaqstanda-koronavirus-dertinen-zazylyp-syqqandardyn-sany-zariyalandy/