Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы мәлімет: Қазақстанның қай өңірі әлі де "қызыл" аймақта тұр

Опубликовано:

қызыл аймақ
Көрнекі фото: 24.kz

Қазақстан үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 20 маусымдағы жағдай бойынша еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Соңғы мәліметтер бойынша:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы;

«Сары» аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары;

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары тұр.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте 1119 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталғаны белгілі болды.

Аймақтар бойынша дертті жұқтырғандар саны келесідегідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 342

Алматы қаласы - 121

Шымкент қаласы - 42

Ақмола облысы - 37

Ақтөбе облысы - 32

Алматы облысы - 28

Атырау облысы - 47

Шығыс Қазақстан облысы - 73

Жамбыл облысы - 20

Батыс Қазақстан облысы - 78

Қарағанды облысы - 151

Қостанай облысы - 33

Қызылорда облысы - 20

Маңғыстау облысы - 28

Павлодар облысы - 35

Солтүстік Қазақстан облысы - 6

Түркістан облысы - 26

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 408650 адамды құрайды.

Сонымен қатар, бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі коронавирусқа қарсы вакцина ақылы болуы мүмкін деген мәліметке түсініктеме бергенін жазған едік.

БАҚ өкілдері халық арасында қазір коронавирусқа қарсы тегін вакцина салдырмаса, кейінірек екпені ақылы түрде салдыруға тура келетіні туралы қауесет тарап жатқанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918524-songy-malimet-qazaqstannyn-qai-oniri-ali-de-qyzyl-aimaqta-tur/

pixel