Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауыр халде": Алматы субұрқағында тоққа түскен қыздар мен әйелдің жағдайы белгілі болды

Опубликовано:

Субұрқақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Дәрігерлер Алматыдағы субұрқақтардың бірінде электр тоғына түсіп, ажал құша жаздаған қыздар мен әйелдің жағдайы туралы айтып берді.

Sputnik Қазақстанның хабарлауынша, зардап шеккен әйел Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

"Қазіргі уақытта науқас жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр", - дейді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында.

Қыздар болса, Балаларға арналған шұғыл медициналық көмек орталығына жеткізілді.

"Балалардың жағдайы орташа ауыр, бірқалыпты", - деп хабарлады ведомствода.

Еске салайық, 19 маусымда қазақ мемлекеттік циркінің жанындағы субұрқақта екі кәмелетке толмаған қыз бен бір ересек адам электр тоғынан зардап шеккен болатын.

Бұл туралы Алматы қаласының тұрғыны Үкілай Бестай өзінің Facebook парақшасында жариялады. Ол оқыс жағдайға тап болып, тоққа түскен адамдарды бейтаныс жігіттің құтқарып қалғанын өз көзімен көрген.

"Абылай есімді жігіт өзін тоқ ұрғанына қарамастан, оларды кезек-кезек судан шығарып алды. Ал үшінші қызды басқа ересек адам құтқарып қалды, өйткені Абылай әйелді және қыз баланы субұрқақтан шығарып жатқанда, өзі де әлінен айырылған", - деп жазады әйел.

Бірінші қыз бірден есін жинап алды, ал екіншісін көгалға жатқызып, алғашқы көмек көрсеткенен кейін ол да есін жиды деп еске алады Үкілай Бестай. Ал "Эко Алматы" ЖШС хабарлауынша, кеше субұрқақ штаттық режимде жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918577-auyr-xalde-almaty-suburqagynda-toqqa-tusken-qyzdar-men-aieldin-zagdaiy-belgili-boldy/

pixel