Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін еліміздің кей аймақтарында 40 градусқа дейін күн ысиды

Опубликовано:

Ыстық ауа райы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Синоптиктер дүйсенбі, 21 маусымда Қазақстанның бірқатар облыстарында дауылды ескерту жариялады - кейбір облыстарда қатты ыстық күтіледі, ал кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

21 маусымда Алматы облысында кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады, 22 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18-23 м/с дейін жетеді. 22 маусымда кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде күндіз +38 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының кей жерлерінде 21 маусым күні найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан түнде жел 15-20 м/с дейін жетіп, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. Көкшетау қаласында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. 21-22 маусымда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады деп күтіледі. Кей жерлерде өте жоғары өрт кауіпі сақталады. Қарағанды қаласында 21 маусымда найзағай, дауыл, бұршақ болып, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Жезқазған қаласында күндіз 21 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с болады деп күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел екпіні 25 м/с дейін жетпек.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық болады. 21 маусымда Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде түнде қатты жаңбыр, күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с болады. Павлодар қаласында күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел келіп, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. Қостанай қаласында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел келіп, күші 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қаласында таңертең және күндіз 21 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Түркістан қаласында таңертең және күндіз 21 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз Атырау облысында 39 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Атырау қаласында күндіз 39 градус қатты ыстық сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады деп күтіледі. Петропавл қаласында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с болады деп күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918604-bugin-elimizdin-kei-aimaqtarynda-40-gradusqa-deiin-kun-ysidy/

pixel