ІІМ: MadMen тобының әншілері танымалдығын пайдаланып, есірткі сатып келген
Жарияланған күні:
Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов есірткі саудасына қатысы бар резонанстық оқиғалар туралы мәлімет берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрлік өкілінің айтуынша, алдыңғы жылдармен салыстырғанда Қазақстанда есірткі өндіретін зертханалардың саны артып келеді.
Мысалы, 2019 жылы 3 зертхана, 2020 жылы 8 зертхана анықталған. Биыл 5 айдың өзінде ғана 10 зертхана табылған.
"Ел ішінде синтетикалық зертхана жасаушылар көбейіп келеді. Соның бірі Қарағанды облысында тіркелді. Наурыз айында қылмыстық топтық құрықтадық. Олар әр қалада зертханалар ұйымдастырып, есірткі өндірген. Тінту кезінде 4 келідей мефедрон деген есірткі затын тәркіледік. Басқа да қосымша химиялық заттар мен прекусорларын айналымнан шығардық. Ең қиыны синтетикалық есірткі өндірісне қажет қосымша заттардың саудасына тыйым салынбаған" , - дейді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменттің өкілі.
Ол, сондай-ақ, есірткі саудасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген Mad Men музыкалық тобының жағдайына тоқталды.
"Алматы қаласында MadMen деген музыкалық топ құрықталды. Топтағы 8 адамды ұстап, төртеуін жауапқа тарттық. Олар көп уақыт бойы есірткіні өздері жасап, сатумен айналысып келген. Тінту кезінде 1,3 келі мефедрон тәркіленді. Бүгінгі таңда топтың үстінен тергеу жүріп жатыр. MadMen тобы жастар арасында танымал болған. Соны пайдаланып, есірткі сатып отырған" , - деді Бақытжан Әмірханов.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда "MadMen" тобының музыканттары есірткі сатты деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік. Кейіннен "MadMen" тобының музыканттарына ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918684-iim-madmen-tobynyn-ansileri-tanymaldygyn-paidalanyp-esirtki-satyp-kelgen/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.