RU

Cемейде бір ай бұрын жоғалып кеткен азамат әлі табылмай жатыр

Полицей
Көрнекі фото: piqsels.com

Семей қаласында із-түссіз жоғалып кеткен ер адам іздестірілуде деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, өзі жұмыс істейтін шаруа қожалығына мал бағуға кеткен азаматтан сол-күйі хабар болмай отыр.

"9 маусымда "Қызылтас" шаруа қожалығының басшысы Семей қалалық Полиция басқармасының "102" жедел арнасына қоңырау шалды. Өз сөзінде ол 1966 жылғы Олег Зубковтың жоғалып кеткенін айтты. Аталған шаруа қожалық Қайнар ауылынан 45 шақырымдай қашықтықта орналасқан", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тәртіп сақшылары ер адамды табу үшін жедел-іздестіру шараларын қолға алды. Алайда арада 1 айдан астам уақыт өтсе де Семей тұрғыны табылмай жатыр. Полицейлер оның қайда екенін білгендер болса "102" арнасына хабарласуды сұрайды.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада жоғалып кеткен қыз баланың мәйіті табылғанын жазған едік.

19 маусымда "112" кезекші-диспетчерлік пультіне 2008 жылғы қыз баланың үйден шығып оралмағандығы туралы хабар қалалық полиция басқармасынан келіп түскен. Қызылорда полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен волонтёрлер іздестіру жұмыстарын жүргізді.

20 маусым күні Махамбетов ауылында Шіркейлі суару каналынан Жедел құтқару жасағының күшімен 2008 жылы туған жасөспірімнің мәйіті (киіммен) шығарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918772-cemeide-bir-ai-buryn-zogalyp-ketken-azamat-ali-tabylmai-zatyr/