Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте газ бен дизель тапшы: Жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болды (видео)

Опубликовано:

Шымкент
Видеодан кадр: Хабар 24

Шымкентте сұйылтылған газ бен дизель отынының тапшылығы сезіліп, тек талон арқылы сатылып жатыр деп хабарлайды Хабар 24.

Телеарнаның мәліметінше, жанар-жағармай бекеттерінде бағаның шарықтауы байқалады әрі әлі де талон арқылы сатылады. Оның өзінде көлік жүргізушілері сағаттап кезек күтеді. Жанар-жағармай бекеттерінде сұйытылған отынның тапшылығынан баға бірден қымбаттады.

Бірнеше аптадан бері дизель отыны мен автогаз іздеген жүргізушілер қаланы шарлап сенделіп жүр. Станцияларға жете алмай, бос ыдыс арқалаған жандарды да кезіктіруге болады.

"Мен өзім ылғи талонмен құямын. Ол жағын енді айта алмаймын. Талоны жоқтар не істейтінін айта алмаймын шынын айтқанда", "Білмеймін ешқандай. Барлық жерде "солярка жоқ" дейді. Газ жоқ. Су құйып жүре беремін", - дейді жүк көлігін жүргізушілер.

Ең әуелі дизель отынының тапшылығынан ауыр жүк көліктері едеуір қиындыққа тап болды. Қауын – қарбыз артып, көкөніс тасымалымен айналысатын олар шығынға шаш етектен батамыз ба деп алаңдайды.

"Біз Жетісайдан қауын артып алдық. Тез бұзылатын тауар болғасын алаңдап отырмыз. Ол жақта дизель литіріне 250 теңгеден саудалануда. Сүйтіп Шымкенттен құямыз деп ойладық. Ал мұндағы жағдай тіпті қиын. Таңғы бес пен алтылардың шамасында келдік. Әлі кезек күтіп тұрмыз. Мұнда "192 теңгеден" дейді", - дейді жүргізуші Ринат Фарфазидинов.

Энергетика министрлігі Шымкент қалалық мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары аяқталып, қалыпты деңгейде жұмыс істеп жатқанын айтады. Бензин мен дизель отынының өндірісі жолға қойылыпты. Әуелі оңтүстік өңірлерге жөнелтуге басымдық берілген.

"Жалпы ел бойынша 21 маусымдағы жағдай бойынша мұнай өнімдерінің қоры қолайлы деңгейде және бензин бойынша 195 мың тоннаны МӨЗ резервуарларында 32,1 мың тоннаны; дизель отыны бойынша 190 мың тоннаны МӨЗ резервуарларында 22,7 мың тоннаны құрайды. Барлық МӨЗ тәулік сайын мұнай өнімдерін өндірумен және ішкі нарыққа жөнелтумен штаттық режимде жұмыс істейді", - дейді Энергетика министрлігі мұнайды тасымалдау және қайта өңдеу департаментінің директоры міндетін атқарушы Талғат Құрманбаев.

Жанармай бекеттерінің қызметкерлері ешнәрсе айта алмай отыр. Ал, Шымкент қалалық әкімдігі мұнай өңдеу зауыты 13 маусымнан бастап қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқандығын ауызша айтумен шектелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918777-symkentte-gaz-ben-dizel-tapsy-zanarmai-beketterinde-uzyn-sonar-kezek-paida-boldy-video/

pixel