Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда мас күйде көлікке отырып, жол апатын жасаған полиция подполковнигі қамаудан босатылды

Опубликовано:

полиция көлігі11
Көрнекі фото: pixabay.com

21 маусымда Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Абай полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығына қатысты әкімшілік істі қарады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық сотының ресми сайтында хабарланды.

Соттың дерегінше, полиция қызметкері 13 маусымда түнгі сағат 03.00 шамасында "Фольксваген пассат" маркалы көлік құралын басқара отырып, "Ауди А4" маркалы көлік құралымен соқтығысуға жол берген.

"Анықталғандай, полиция қызметкері көлікті масаң күйінде жүргізген. Ол өз кінәсін сотта мойындады.

Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің (ӘҚБтК) 608-бабының 3-бөлігі 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алуды және 7 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруды көздейді.

Алайда, аталған тұлға қамауға алудан босатылды. Өйткені бұл шараны ӘҚБтК-нің 32-бабының 2-бөлігіне сәйкес, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қолдануға болмайды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, сот полиция қызметкерінің тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін айтты. Іс материалдары шешім қабылдау үшін Батыс Қазақстан облысының полиция департаментіне жолданған.

Одан бөлек, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс 21 маусымда сотқа келіп түскені және сол күні қаралғаны хабарланды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, бұған дейін полиция қызметкерінің 33 жастағы келіншек басқарған көлікпен соқтығысқанын жазған едік.

Сол кезде БҚО полиция департаменті қызметтік тергеу басталғанын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918862-oralda-mas-kuide-kolikke-otyryp-zol-apatyn-zasagan-policiya-podpolkovnigi-qamauga-alynbady/

pixel