RU

Президенттің өкімімен қарулы күштерде бірқатар тағайындау болды

Ақорда
Көрнекі фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өкімге қол қойды деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мереке Мәтімұлы Күшікбаев Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, ол "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды;

Шайх-Хасан Саттарқұлұлы Жазықбаев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918938-prezidenttin-okimimen-qaruly-kusterde-birqatar-tagaiyndau-boldy/