Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19-ға қарсы вакцина салдырыңыз да MEGA-дан автокөлік ұтып алыңыз

Опубликовано:

ТРЦ MEGA
Фото: ТРЦ MEGA

MEGA СОО желісі «Астана Моторс»-пен бірлесіп «Вакцина салдыр, көлік ұтып ал» акциясын бастайды. 23 маусым мен 31 тамыз аралығында MEGA желісінің кез келген СОО-да COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін алған қазақстандықтар «Астана Моторс» компаниясы ұсынған Hyundai Accent автомобилін ұтып ала алады.

Вакцинацияланғандар арасында 2 автокөлік ойнатылады: біреуі - Нұр-Сұлтан қаласында, MEGA Silk Way СОО - да, екіншісі-Алматы қаласында, MEGA Alma-Ata немесе MEGA Park СОО-да екпе алғандар арасында өтеді. Акция Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп өткізіледі. Акцияның бас серіктесі – КМК «Астана Моторс».

Финалдық ұтыс ойыны 5 қыркүйекте Инстаграмдағы MEGA ресми аккаунттарының тікелей эфирінде өтеді. Сонымен қатар, апта сайын 23 маусымнан 31 тамызға дейін аралық сыйлықтар ойнатылады - тұрмыстық техника, сауда сертификаттары және тағы басқалар.

«Астана Моторс» автокөліктерінің ұтыс ойынына 23 маусым мен 31 тамыз аралығында COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қазақстандықтар қатыса алады.

Акцияның мақсаты - Қазақстанда вакцинация қарқынын ынталандыру, себебі вакцина салу - COVID-19-дан қорғанудың жалғыз тиімді жолы. Мұндай акциялар басқа елдерде де сәтті ұйымдастырылды. Жуырда Польша, Таиланд, АҚШ, Ресей, Моңғолия, Сербия, Индонезия, Қытай, Венгрия, Израиль және т. б. елдердің үкіметтері вакцина алған тұрғынар арасында автокөлік ойнатты.

«Вакцина салдыр, көлік ұтып ал» акциясы туралы толық ақпаратпен mega.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі MEGA ресми аккаунттарында танысуға болады.

*Mega Center Management қолдауымен дайындалған материал

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919000-covid-19-ga-qarsy-vakcina-saldyrynyz-da-mega-dan-avtokolik-utyp-alynyz/

pixel