Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жаңа штамға байланысты локдаун енгізіле ме: Вице-премьер жауап берді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов "Қазақстанда үнді штамына байланысты локдаун жариялануы мүмкін бе?" деген сауалға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Ералы Тоғжанов еліміздегі қазіргі эпидемиологиялық ахуал және Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында анықталған коронавирустың "үнді" штамы туралы айтты.

Осыдан кейін БАҚ өкілдері үкімет басшысынан Қазақстанда толық локдаун енгізіле ме, деп сұрады.

"Қазіргі уақытта елімізде локдаун енгізуге байланысты ешқандай мәселе көріп отырған жоқпыз. Кеше ведомствоаралық комиссия отырысында нақты шектеу шараларын қабылдадық. Әрі қарай шешім қабылдау республика аумағындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады", - деді премьер-министрдің орынбасары.

Еске сала кетсек, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты қосымша тексеріс жүргізу мақсатында 54 науқастан сынама алынған болатын.

Алдын ала талдау олардың 56 пайызында "үнді" штамы расталып ("Дельта" штамы) отырғанын көрсеткен.

Осы орайда денсаулық сақтау министрлігі қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша карантиндік шектеулер енгізуді ұсынған еді.

Ал кеше премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Оның барысында Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін күшейту туралы шешім қабылданды.

Ал бүгін Алматыдан да коронавирустың "үнді" штамы анықталған болуы мүмкін екенін хабарлаған едік.

Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтуынша, белгілі бір штамдар бойынша нақты зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бір сынамадан "Нью-Йорк" штамы анықталған, кеше кешке қарай тағы бір сынамада "Дельта" штамы болуы мүмкін екені анықталған.

Сонымен қатар, Бекшин "үнді" штамын жұқтыруы мүмкін пациент туралы да айтқан еді.

Оның сөзінше, бүгінде әйелдің екі құрылыс базарында болғаны және азық-түлік сатып алу үшін жақын маңдағы дүкенге кіргені белгілі болып отыр. Ол дертті сол жерлердің бірінен жұқтырған болуы мүмкін деген болжам жасалуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919107-qazaqstanda-lokdaun-engiziletini-ras-pa-vice-premer-zauap-berdi/

pixel