Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алексей Цой қазақстандықтарға вакцинацияға қатысты үндеу жасады

Опубликовано:

Цой
Фото: qysqasoz.kz

Денсаулық сақтау министрі Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифингте Қазақстанда мақұлданған барлық COVID-19-ға қарсы вакциналардың қауіпсіз және тиімді екенін айтты. Оған қоса, қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы белсенді түрде вакцина салдыруға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері билік халықтың вакцинациядан үзілді-кесілді бас тартып жүрген бөлігін қалай сендіруге ниетті екенін сұрады. Сонымен бірге, олар көптеген адам Pfizer вакцинасын және басқа да еуропалық дәрі-дәрмектерді күтіп жүргенін атап өтті.

"Жарты жыл ішінде сендіре алмасаңыз, енді түсіндіру жұмыстарын қалай ұйымдастыруды жоспарлап отырсыздар?", – деп сұрады журналистер.

Бұған жауап ретінде Цой қазірдің өзінде Қазақстанның әрбір жетінші азаматы коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын айтты.

"Бұл үлкен жетістік. Екіншіден, адамдар дәрі-дәрмек күтіп жүр дейсіз, басқа вакциналарды күтудің қажеті жоқ. Елде рұқсат етілген барлық вакциналар қауіпсіз, тиімді, сынақтан өткенін түсіну өте маңызды. Олар мақұлданды, және 2,9 миллионға жуық адам осы вакциналарды салдырды. Тиімділігі жақсы, біз вакцинацияның көмектесіп жатқанын көріп жатырмыз.

Ауруды қайта жұқтырған 727 жағдай тіркелді. Кімде-кім өзін ауырып, енді ауырмаймын деп ойласа, ол түбегейлі қателеседі", – деп қосты ол.

Министр адамдардың көпшілігі коронавирус жұқтырып, қатты ауырып, инфекциядан көз жұмып жатқанын еске салды.

"Өзіңізді және отбасыңызды қорғау үшін міндетті түрде вакцина салдыру қажет. Айтарлықтай айқын жанама әсерлері жоқ. Әрине, қосымша ынталандыру шаралары, ұтыстар ойнатылып жатқанын көрдіңіздер, яғни барлық әдіс жақсы. Пандемиядан шығатын басқа жолдың жоқ екенін бәріміз түсіну үшін еліміздің әрбір азаматына түсіндіру өте маңызды. Енді ешқайсымыз қамалып отырғымыз келмейді", – деп түйіндеді Алексей Цой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919144-aleksei-coi-qazaqstandyqtarga-vakcinaciyaga-qatysty-undeu-zasady/

pixel