Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелдің сексуалдық энергиясы күйеуінің табысын арттыруға әсер ететіні рас па?": Метафизик маман жауап берді

Опубликовано:

әйел мен күйеу11
Көрнекі фото: pixabay.com

Соңғы уақытта ақша энергиясын көтеру, ақша ағынын өзіңе қарай тарту, табысты оңай табудың әдістері сынды түрлі тренинг, курстардың көбейгенін байқап жүрген боларсыз. Десе де, неліктен ақша кейбір адамдарға оңай, ал біреулерге қара термен келетіні бәріне жұмбақ болып көрінеді. Осы тұста адам энергиясын зерделеумен айналысатын метафизик маман ақшаның қандай адамдарға оңай әрі үздіксіз келетіні, табысты арттыруда энергияны қалай, қайда бағыттау керектігі жөнінде, әйелдің сексуалды энергиясы өз табысына, күйеуінің қаржылай жетістігіне әсері жайында айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Метафизик маман Жанна Слямованың сөзінше, егер адам үнемі қарыз болып, ақша жетіспей жүрсе, демек өз энергиясын тиісті жеріне жұмсамай жүр дегенді білдіреді.

"Бұл әлемде бәрінің түп негізі энергиядан тұрады. Энергиядан пайда болып, дүниеге құбылыс, зат болып немесе процесс ретінде келеді. Сондықтан кез келген дүниенің бірлігінде энергия жатыр. Ақша энергиясы жайында сөз еткенде жалпы адамның энергиясы туралы айтуымыз керек. Адам ақшамен тығыз байланыста. Ақша энергиясын арттыру үшін адам өз энергиясының қорына назар аударғаны жөн.
Ол энергиясын қайда жұмсайды, не үшін, неліктен және әрине нәтижесін қалтасынан байқау керек. Егер сізде ақша жетіспей жүрсе, демек энергияңызды тиісті жеріне жұмсап жүрген жоқсыз. Мақсатсыз кетіресіз. Ақша - бұл энергияны дұрыс бағыттаудың нәтижесі", - дейді Жанна Слямова.

Оның айтуынша, табысты арттыру мүмкіндігі әркімде бар. Пайданы көбейту үшін маман ішкі энергияны да көтеруге кеңес береді.

"Оның әдістері өте көп. Мәселе техникада емес, оны жасауда. Бірінші адамда ой пайда болады. Әр пайда болған ойға (идеяға) белгілі мөлшерде энергия беріледі. Сол энергияны белгілі бір әрекетке жұмсасақ, біз нәтиже аламыз. Бұл нәтиже ақша түрінде немесе табыс пайда түрінде келуі мүмкін. Егер сіз энергияңызды жаттығу залына барып, сымбатыңызбен жұмыс жасауға жұмсасаңыз, сіз нәтижесінде сау, әдемі дене бітіміне ие боласыз.
Дәл сол сияқты сізге бірінші қызанақ егу туралы ой келеді. Жерді өңдеп, дәнін ектіңіз, нәтижесінде дайын өнімін, нәтижесін аласыз. Сондықтан нәтижені көбейту үшін энергияны да көбейту керек. Сол үшін табыс, ақша ішкі энергияны көбейтумен байланысты. Күші жоқ, төсек тартып жатқан, шағымы көп, мотивациясы жоқ адам физикалық тұрғыда өзінің қаржылық жағдайын жақсарту үшін ештеңе істей алмайды. Табысты көбейту ішкі энергиямен жұмыс істеу керек", - дейді маман.

Сондай-ақ, сұхбат барысында Жанна Слямова ақшаның кімдерге үздіксіз келетіні жөнінде сөз қозғады. Метафизик маман өзінің не қалайтынын нақты білетін адамда үнемі ақша жүретінін айтады.

"Ақша ішкі ресурсы көп адамдарда болады, күш-қуаты тасыған, белсенді өмір сүретін, үнемі қозғалыста болатын, өзінің не қалайтынын нақты білетін адамдардың маңында ақша айналымы жақсы жүреді. Сөзсіз мұндай адамдарда отбасында да, жұмысында да, қоғамда да материалдық тұрғыда да нәтиже бар", - дейді ол.

Осы ретте адам энергиясын зерттеумен айналысатын маман әйелдің сексуалды энергиясының табысына әсері жайында айтылып жүрген тұжырымға пікір білдірді.

"Әйелдің сексуалды энергиясы байлықта шалқып өмір сүруіне ішінара әсер етуі мүмкін. Бірақ толық тек соған байланысты деп айта алмаймын. "Әйелдің жыныстық ағза мүшесінде, яғни, жатырында оның материалдық энергиясы тұр" деген ой бәлкім ведалық философияға жататын шығар. Мен бұнымен келіспес едім. Себебі біздің ағза түрлі құрамдас бөліктен тұрады.
Біздің бойымызда физика да, химия да, сана да, энергия да бар. Осы аталған барлық саланы дамытсаңыз, аталған факторлардың жиынтығы сізге нәтиже береді. Ал ақша энергиясы сексуалдық энергиясына тікелей байланысты дегенмен келіспеймін. Ол тек бір компоненті, бір себебі болуы мүмкін. Адам санасымен энергиясын, эмоциясын, сезімін басқара алса, дүниесін де басқара алады", - дейді ол.

Маман қазіргі қоғамда кең таралған тағы бір қызық тұжырымға өз ойын қосты.

"Күйеуінің табысы әйелінің энергиясына, ішкі ресурсына байланысты деген оймен келісемін. Себебі физиологиясы бойынша ер адамның жанында ресурсты, ішкі дүниесі бай әйел болса ер адам одан энергия алады. Әйел адам - жер-ана, ер адам содан нәр алады. Ер адам сыртта жетістікке жетеді. Әйел үйдегі атмосфераға жауапты. Ресурсты әйелдің жанында ері табысты болады. Ол әйелден қолдау сезініп, өзіне сенімін күшейтеді. Сондай ер адам өз әйеліне бәрін істейді. Аспандағы айды алып беруге дайын", - дейді Жанна Слямова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919163-aieldin-seksualdyq-energiyasy-kuieuinin-tabysyn-arttyruga-aser-etetini-ras-pa-metafizik-maman-zauap-berdi/

pixel