Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір тәулікте 568 адам: Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус жұқтырғандар саны бойынша көш бастады

Жарияланған күні:

індет11
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтерді жария етті. Елімізде өткен тәулікте 1496 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 568
  • Алматы қаласы - 186
  • Шымкент қаласы - 47
  • Ақмола облысы - 36
  • Ақтөбе облысы - 40
  • Алматы облысы - 37
  • Атырау облысы - 60
  • Шығыс Қазақстан облысы - 78
  • Жамбыл облысы - 21
  • Батыс Қазақстан облысы - 91
  • Қарағанды облысы - 145
  • Қостанай облысы - 30
  • Қызылорда облысы - 29
  • Маңғыстау облысы - 36
  • Павлодар облысы - 40
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 25
  • Түркістан облысы - 27

Жалпы ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны 413 267-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 876 індеттен адам жазылған.

Қазір елімізде 22 098 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 6 588 пациент стационарда, 15 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

408 адамның жағдайы ауыр, 95 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 72 науқас өкпені жасанды желдтеу аппаратында жатыр.

Ал коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әлі де "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Шымкент және Алматы қалалары мен Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды Маңғыстау облыстары болса, қалған өңірлердің барлығы "жасыл" аймақта.

Одан бөлек, енді қызмет көрсету саласының, өнеркәсіп кәсіпорындарының және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлері үшін вакцина міндетті болмақ, ал вакцина алудан бас тартатын қызметкерлер ПТР-тесттің қортындысын көрсету керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919182-bir-taulikte-568-adam-nur-sultan-qalasy-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-boiynsa-kos-bastady/