jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Депутаттар ауылдардағы судың сапасына байланысты президентке үндеу жасамақшы

"Қазақстан халық партиясы" ҚБ
Фото: "Қазақстан халық партиясы" ҚБ

Қазақстанның Халық партиясы "Қызыл Автобус" жобасы аясында тұрғындардан ауылдардағы ауыз су тапшылығы туралы ақпарат жинауда.

Нәтижелерге сүйене отырып, депутаттар ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу тастап, еліміздің түкпір-түкпірінде болып жатқан масқараның нақты көрінісін ұсынбақ.

Партия мүшелері Қазақстан халқына өңірлерде таза ауыз судың жоқтығы туралы хабарлауды сұрады. Атап айтқанда, call-орталыққа 8-700-088-19-17 нөмірі бойынша қоңырау шалуға немесе әлеуметтік желілерде #СУҚАЙДА #SUQAIDA хэштегтерімен пост жариялауға болады.

"Қазақстан халық партиясы" ҚБ
Фото: "Қазақстан халық партиясы" ҚБ

ҚХП депутаттары "Қызыл Автобус" партиялық жобасына қатысты. Халық қалаулылары Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы кенттерде болып, көргендеріне таң қалды. Ауылдар күйреп, рұқсат етілмеген қоқыс орындары гүлденуде, интернет жоқ, ең сорақысы – барлық жерде таза ауыз су тапшылығы бар.

"Қазақстан халық партиясы" ҚБ
Фото: "Қазақстан халық партиясы" ҚБ

Крандардан батпақты тот ағады, ұңғымалардан батпақ тәрізді иіс шығып тұрады, ал жолы болғыштар жер асты су көздерінен су тартып ішеді.

"Қызыл Автобус" жобасының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясы барысында ҚХП Мәжіліс депутаты Айбек Паяев барлық облыстардағы проблемалар ұқсас екендігін деп атап өтті.

"Қазақстан халық партиясы" ҚБ
Фото: "Қазақстан халық партиясы" ҚБ
"Егер СҚО тұрғындары қыста өздеріне су алу үшін қар қайнатуға мәжбүр болса, оңтүстікте су көздері жетерлік, алайда оны халыққа сататын компаниялар ешқандай қауіпсіздікті сақтамайды. Су бар, сапасы сауыз су жағдайы жайлы хат дайындағымыз келеді", - деді Паяев өз сөзінде.
"Қызыл Автобус" "Қазақстан халық партиясы" ҚБ
Фото: "Қазақстан халық партиясы" ҚБ

Толық ақпарат алу үшін ҚХП депутатттары өңірлерден әкелінген судың үлгілерін санитарлық-химиялық талдауға жіберді.

Депутаттар ауылдардағы судың сапасына байланысты президентке үндеу жасамақшы

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.