Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцина салдырған соң қанша адам коронавирус жұқтырды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Егер вакцина салдырған адам коронавирус жұқтырғаны туралы күдіктенсе, ПТР-тестілеу жасала ма? Вакцина салдырып, кейін ауру жұқтырғандардың Ashyq қосымшасындағы мәртебесі қалай көрсетіледі? Вакцина алғаннан кейін қанша адам коронавирус жұқтырды? Бұл сұрақтарға Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Светлана Сұлтанғазиева жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Егер вакцина салдырған адамда аурудың белгілері мен коронавирус жұқтыру күдігі болса, дәрігердің қабылдауы, тексеруі және тағайындауынан кейін ПТР-тестілеу жүргізілуі мүмкін", – деді Светлана Сұлтанғазиева.

Маманның айтуынша, әрбір жағдайды жеке қарастырған жөн. Коронавирус жұқтырған адаммен қанша уақыт байланыста болды, вакцина салдырғаннан кейін қанша уақыт өтті, вакцина алған соң неше күннен кейін ауырып қалды, барлығы есепке алынуы тиіс.

Вакцина салдырған адам коронавирус жұқтырса, пациент қайта жазылып шыққанша, Ashyq қосымшасындағы мәртебесі қызылға өзгереді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта барлық вакцина салдырғандар қосымшада "жасыл" мәртебеге ие.

Сұлтанғазиеваның айтуынша, вакцинаның екінші компонентін алғаннан кейін ауру жұқтырудың 42 жағдайы тіркелген, оның 17-сінде, яғни 40,47%-ында ауру жұқтыру симптомсыз болған. Көбіне вакцина алған адамдарда ауру жеңіл, орташа ауыр дәрежеде, ауыр асқынусыз өтеді.

Айтпақшы, 42 жағдайдың 10-ында (23,8%) пациенттер коронавирус жұқтырғандармен байланысқанын жекізген.

Сұлтанғазиева "үнді" штамының пайда болуына байланысты коронавирусқа қарсы қайта вакцинациялау қажеттілігі бар-жоғы туралы айтты. Оның айтуынша, қазіргі уақытта вакцина жасаушылардан қайта вакцинациялау қажеттілігі туралы ресми ақпарат жоқ.

"Жаңа мәліметтер пайда болған кезде қосымша вакцинациялау бойынша ұсыныстар әзірленеді", – деп түйіндеді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919267-vakcina-saldyrgan-son-qansa-adam-koronavirus-zuqtyrdy/

pixel