Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде тағы бір банк лицензиясынан айырылды

Жарияланған күні:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

"Capital Bank Kazakhstan" АҚ банк және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берілген лицензиясынан айырылды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

"Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2021 жылғы 24 маусымдағы No 74 қаулысына сәйкес банкті агенттік банк және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берген лицензиядан айыру туралы шешім қабылданды" делінген хабарламада.

"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының 7), 15) 16) тармақшаларына сәйкес мыналар лицензиядан айыруға негіз болып табылды:

  • пруденциялық нормативтерді және (немесе) басқа да сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі айдың ішінде үш және одан көп рет) бұзу;
  • қадағалап ден қою шараларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі айдың ішінде үш және одан көп рет) орындамау;
  • уәкілетті органның қосымша капиталдандыру жөніндегі талаптарын Банктің ірі қатысушысының орындамауы;
  • Банкті төлемге қабілетсіз банк санатына жатқызу.

"Лицензиядан айыру күнгі жағдай бойынша Банк активтерінің мөлшері 38,5 млрд теңгені, несие портфелі – 33,9 млрд теңгені құрады, оның ішінде 30,4 млрд теңге немесе Банктің несие портфелінің 89,8%-ы – 90 күннен астам мерзімі өткен жұмыс істемейтін кредиттер. Банктің өтімді активтерінің мөлшері 149 млн теңгені құрайды, бұл ретте орындалмаған клиенттік төлемдердің көлемі 15,0 млрд теңгеден асады.

Пруденциялық нормативтерді орындамауына байланысты Агенттік Банкке қатысты 29 қадағалап ден қою шарасын қабылдап, 67 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады.

2020 жылы банк акционері банктің қаржылық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынды. Көрсетілген Жоспарды орындау шеңберінде агенттіктің қатаң бақылауымен Банк 2020 және 2021 жылдары Банктің депозиторлар алдындағы 31 млрд теңге сомасындағы міндеттемелерін төмендетті.

Жоспарды іске асыру шеңберінде әлеуметтік тұрғыдан маңызды мекемелер (мектептер мен ауруханалар) алдындағы міндеттемелер толығымен және квазимемлекеттік сектор алдындағы міндеттемелердің айтарлықтай бөлігі де өтелді.

Алайда, Банк және оның акционері қабылдаған шаралар Банктің қаржылық жағдайын тұрақтандыруға әкелген жоқ. Банк пруденциялық нормативтерді бұзуды жалғастыруда және Банк клиенттері алдындағы төлемдер мен аударымдар бойынша міндеттемелерін орындамайды" делінген хабарламада.

Банк салымшыларының, жеке тұлғалардың 99%-ның депозиттері "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының "кепілдігімен толық көлемде өтеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919416-elimizde-tagy-bir-bank-licenziyasynan-aiyryldy/