RU

Қазақстандық спортшы Жанна Мамажанова Францияның үш дүркін чемпионына тұрмысқа шықты

Жанна Мамажанова жұбайы Марко Туримен бірге
Жанна Мамажанова жұбайы Марко Туримен бірге: Instagram

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының мүшесі, марафоншы Жанна Мамажанова Францияны үш дүркін чемпионы Марко Туриге күйеуге шықты. Бұл туралы жас жұбайлар әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Спортшылар Францияда некеге тұрған сәттерінен фотоларын жүктеді.

Жанна Мамажанова – қазақстандық жеңіл атлет. Ол бірқатар марафондарға қатысып, жақында Австрияда өткен лицензиялық турнирде Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Жанна бір айдан соң басталатын Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғайды.

Жаннаның таңдауы Марко Тури есімді Франция азаматына түскен. Марко 10 000 метрге жүгіруден Францияның үш дүркін чемпионы. Сондай-ақ, оның триатлонмен шұғылданатыны да анықталды.

Спортшылар бірге түскен фотоларын әлеуметтік желіде жиі бөліскен. Атап айтар болсақ, олардың Австрия марафонында бірге жүгіргенін байқауға болады. Яғни, Жанна да, оның сүйіктісі Марко да алыс қашықтықтарға жүгіруден бақ сынайтын атлеттер.

«Менің жүрегім мен жаным ештеңеге қарамастан сүю үшін осы адамды таңдады. Мен сені сүйемін!» деп жазды Жанна желідегі парақшасына.

Марко болса, өз кезегінде: «Бүкіл өмір бойы біргеміз» деп жазған. Сондай-ақ, Марко Тури Жаннаның Олимпиада ойындарына жолдама алған сәтін ерекше қуанышпен жазған.

Айта кетелік, бұған дейін Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алған Софья Берульцева туралы жазған болатынбыз. Ол қазақ тілінде қалай еркін сөйлегенінің құпиясын ашып, алдағы басты мақсаттарымен бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919479-qazaqstandyq-sportsy-zanna-mamazanova-franciyanyn-us-durkin-cempionyna-turmysqa-syqty/