Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эпидахуал ушықты: Елордада жаңа инфекциялық станционарлар жасақталып жатыр

Опубликовано:

Аурухана
Көрнекі сурет: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов брифинг кезінде қаладағы эпидемиологиялық ахуал туралы мәлімет берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тимур Мұратовтың сөзінше, елорда әлі де "қызыл" аймақта тұр.

"Қазіргі таңда біз инфекция жұқтырғандар санының қайтадан артқанын көріп отырмыз. 28 маусым күні таңертеңгі мәлімет бойынша, инфекциялық станционарларда 1403 пациент бар, оның 1256-да коронавирус расталған, 147-і пневмониямен жатыр. Осылайша, толымдылық 70 пайызды құрап отыр", - дейді ол.

Мұратовтың сөзінше, қалада коронавируспен күресу үшін 14 станционар жасақталған. Оның 13-і инфекциялық болса, біреуі карантиндік станционар. Ауруханалардағы жалпы төсек сыйымдылығы - 2026 кереует, оның ішінде 2001-і инфекциялық, 25-і карантиндік стационар.

"Өткен жылы біз инфекциялық станционар ретінде жасақталған бұрынғы "Рамада Плаза" қонақ үйін жапқан едік. Қонақ үй бастапқыда коронавирусқа арналған станционар, содан кейін карантинге арналған станционар болып жұмыс істеді. Қазір бізге сол жерде тағы да 500 төсек-орын дайындау қажет болып отыр. Бүгіннен бастап "Рамада Плаза" коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттерді қайта қабылдайтын болады.
Бұл қабылданып жатқан шаралар коронавируспен ауырғандар санының күн сайын өсіп жатқанын білдіреді. Біз төсек-орын санын көбейтіп, кадрлық ресурстарды іске қосуға мәжбүрміз. Инфекциялық станционарларға бір тәуліктің ішінде 150-200 адам түсіп жатыр", - дейді Мұратов.

Оның дерегінше, 2001 инфекциялық төсек-орынның 598-і ғана бос. Оның ішінде 36 реанимациялық төсек-орын бар.

Жансақтау бөлімінде жалпы 111 пациент жатыр, оның 100-і коронавирус жұқтырғандар. Соның ішінде 57 адамның жағдайы ауыр, 43 пациенттің жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр, тағы 20 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919828-epidaxual-usyqty-elordada-zana-infekciyalyq-stancionarlar-zasaqtalyp-zatyr/

pixel