RU

"Таңғы жетіде тұрмайсың": Балалардың көзінше төбелескен ене мен келін ел алдында ұятқа қалды

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: day.az

Әлеуметтік желіде кішкентай балалардың көзінше айғайға басып, кейін жаға жыртысқан ене мен келін арасындағы жанжал тарап кетті. Аталған видео желі қолданушыларының ашуын келтірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан келініне ұрсып, айғайға салып жатқан қайын енесін байқауға болады. Ол келінін қайын атасына шай бермегені үшін және ұйықтағаны үшін айыптап жатыр.

"Таңертеңнен бастап есіктің алдында кішкентай бала құсап тұрады атаң. Жетіде тұрмайсың, сегізде тұрасың. "Келін тұр! Келін тұр!" деп бөлмеңнің алдында тұрады. Мұрныңнан қан кетіп жатыр ма? Үйден кет", - деп айғайға басты енесі.

Келіннің де жауабы дайын. Ол қашан тұрғысы келеді, сонда тұратынын айтып, жауап қайтарады. Осы аралықта видеоны түсіріп тұрған қайын атасы оларды жай ұрыспай, төбелесуге шақырған.

Бұл оқиға мен жанжалдың барлығын кереуеттегі екі кішкентай бала қарап отырды. Ал енесі мен келіні төбелескенде балалардың бірі жылай бастайды.

Әлеуметтік желі қолданушылары кішкентай балалардың көзінше дөрекі сөйлеп, кейін төбелесіп кеткен ене мен келінді қатаң айыптауда.

"Мұның бәріне екі бала қарап отырғаны ешкімді қынжылтпай ма? Бәрің жабайысыңдар ма?", "Келін ешкімге ештеңе міндетті емес. Екі әйелдің осы мәселені шеше алмағаны ма?", "Таңертең 7-де тұрасың дейді. Ол да адам емес пе?", "Камераға түсіріп алған атасында ми жоқ", "Ене де, келін де оңып тұрған жоқ", - деп жазды желі қолданушылары.

Аталған видео еліміздің қай аймағында түсірілгені белгісіз.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919924-tangy-zetide-turmaisyn-balalardyn-kozinse-tobelesken-ene-men-kelin-el-aldynda-uyatqa-qaldy/