Көру уақыты: зағип балалар еліміздің және бүкіл әлемнің өнері мен тарихымен таныса алады
Жарияланған күні:
1 маусым күні сағат 11: 00-де «Дара» қайырымдылық қоры Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейімен бірлесіп және «Gala Global Group» ЖШС-мен ынтымақтастықта музейдегі 50-ден астам өнер экспонаттарының аудиодискрипциясын ұсынады. Мақсаты - көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арнайы ауызша сипаттама (аудиодискрипция) арқылы өнер туындыларын естуіне көмектесу.
Біз барлық балалар дарынды және олардың білім алуға және дамуға тең құқылы екеніне нық сенеміз және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың өмір сапасын жақсартуға тырысамыз. Музей экспонаттарының аудиодискрипцияларын дайындау идеясы - «Әлемді ашу» атты үлкен жобаның бір бөлігі ғана, оның мақсаты - ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға, атап айтқанда, есту қабілеті бұзылған балаларға еліміздегі білім, шығармашылық, мәдени және рухани мұраларға қол жетімділікті қамтамасыз ету. Аудиодескрипция жобасы тек балаларға ғана емес, ересектерге де арналған.
Аудиодискрипция орыс және қазақ тілдеріндегі 50-ден астам экспонаттарды қамтыды: қолданбалы өнер заттары, ұлттық костюмдер, белгілі суретшілердің туындылары, суретші Әбілхан Қастеевтің кескіндеме залы. 30-жылдардан бастап бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан өнері, XVII - XX ғасырдың басындағы орыс өнері, сондай-ақ XVI-XIX ғасырлардағы Батыс Еуропа туындылары ұсынылған. Сонымен қатар, музей ғимаратының өзі және оған жақын көшелер ауызша сипаттама алды. Дыбыстық жолсызықтардың жалпы ұзақтығы 100 минуттан асады.
Экспонаттар географиялық, тарихи және уақыт жағынан мүмкіндігінше қамту үшін таңдалды. Аудиоландыруды дайындаған кезде экспонаттардың мазмұны мен сипаттамасы таңдамалы түрде өңделді, балалар аудиториясы үшін түсінікті және қол жетімді, сонымен қатар қызықты сөздер қолданылды, бұл музей көрмесіне қойылған заттың сұлулығын барынша арттыруға мүмкіндік берді. Аудиодискрипция жобасына кәсіби дикторлардан басқа, «Дара» қорының шақырылған достары, демеушілері мен серіктестері қатысқаны назар аудартады.
Аудиодискрипция - бұл зағип адамға өмірде маңызды ештеңе жоғалтпайтынын сезінуге көмектесетін әңгімелеу формасы, ал музейдегі аудиосүйемелдеу - үлкен әрі терең жобаның кішкене бөлігі ғана. Біз бұл жоба арқылы көркемсуретті фильмдердің, мультфильмдердің, театрландырылған қойылымдардың, бұқаралық спорттық ойын-сауықтың, концерттердің аудиодискрипциясымен айналысу керек екенін көрсеткіміз келеді, яғни аудиодискрипция біздің өміріміздің ажырамас элементіне айналуы керек. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға / адамдарға өз құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндіктер қаншалықты көп жасалса, олар болашақта соншалықты табысты және тәуелсіз болады.
Сондықтан Қордың болашақ жоспарларына Қазақстанның барлық аймақтарындағы музейлерде аудиодискрипция жобасын жүзеге асыру кіреді. Бұл 2021 жылы 3 маусымда www.darabilim.kz. онлайн алаңында өтетін дәстүрлі «DaraBilim» жазғы қайырымдылық аукционының басты мақсаты болады.
Біз барлық танымал БАҚ тұлғаларын, қоғам қайраткерлерін және еліміздің белсенді және қамқор азаматтарын осы ауқымды шараға қатысуға және зағип балаларға өнер және шығармашылық әлемін көруге көмектесуге шақырамыз!
2021 жылы 1 маусымда өтетін іс-шараны түсіндіруге бақ өкілдерін және барлық мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырамыз, Мекен-жайымыз: Алматы қ., Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі, Көктем-3, 22/1. Алдын-ала аккредиттеуге алғыс білдіреміз, тел.: +7 708 404 08 14 (Дина Жанглышева) немесе эл. Почта info@dara.kz.
Анықтама үшін:
«Дара» қоры - ол өмір сүру жағдайларын жақсартуға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің даму мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстандағы инклюзияны дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға бағытталған жеке қайырымдылық қоры.
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі - бұл еліміздегі ең ірі көркемсуретті музей және бейнелеу өнері саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту орталығы.
«Gala Global Group» ЖШС — Қазақстандағы аударма қызметтерінің кең спектрі бар жетекші компания, 2006 жылдан бері жұмыс істейді. Әлемнің 86 тілінен кәсіби аударма қызметтерін ұсынады және цифрлық қол жетімділік жобаларына қатысады. СТ ҚР ISO 9001:2016. сәйкес сертификатталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920117-koru-uaqyty-zagip-balalar-elimizdin-zane-bukil-alemnin-oneri-men-tarixymen-tanysa-alady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.