Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Уролог ерлердің жыныстық қуатына вакцина қалай әсер ететінін айтты

Опубликовано:

вакцина егу үстінде
Көрнекі фото: Pixabay.com

Ресейлік БАҚ-та "Спутник V" вакцинасы ерлердің жыныстық қуатын арттыруға оң әсерін беретіні жөнінде ақпарат тарады. Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың уролог дәрігері осыған қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ресейлік БАҚ коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасының ер азаматтарға потенцияны арттыруға көмектескені туралы жазды.

Онда келтірілген мәліметтерге сүйенсек, вакцина алған 45 жастан асқан ер адамдардың 37 пайызының жыныстық қуаты жоғарылаған.

Қазақстандық уролог дәрігер Азиз Сүлеев бұл ақпаратқа сенуден аулақ болуға шақырды.

"Спутник V" вакцинасы ешқандай да әсер бермейді. Ол ерлердің жыныстық қуатын азайтып немесе арттыра алмайды. Мен вакцина потенцияны арттырады деп айта алмаймын. Ешқандай екпе ер адамның жыныстық қуатына әсер етпейді. Вакцинаның гормондарға еш қатысы жоқ қой. Ол иммунитетті вирустан қорғайды.

Вакцинаны өндірушілер оның гормонға әсері бар екенін көрсетсін. Онда потнециясы төмен адамдардың бәріне егер едік. Ер адамдардың потенциясы иммуниетке байланысты. 45 жастан жоғары науқастарда қосымша созылмалы аурулары болса, қант диабеті, жүрек паталогиясы болса, вакцинадан кейін күш-қуаты тасып кетеді деген миға қонбайтын нәрсе", - дейді Азиз Сүлеев.

Дәрігер ер адамдардың арасында кең тараған жыныстық ауруды емдеу үшін алдымен толық диагностикадан өткізіп, онда қосымша созылмалы ауруларының бар-жоғын анықтау керегін айтады.

Уролог маманның сөзінше, егер ешбір ауру белгілері анықталмаса, инфекцияға талдау жасау қажет.

"Егер ер адамда инфекциямен қоса басқа да аурулары бар болып шықса, ол қалай потенциясын арттырады? Сондықтан бұл ақпарат жалған болуы мүмкін", - дейді тәжірибелі уролог.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920147-urolog-vakcinanyn-erlerdin-zynystyq-quatyna-qalai-aser-etetinin-aitty/

pixel