"Маған қатысты іс түгел бұрмаланған": Атырау облысында қамауға алынған депутат өз ойын айтты
Жарияланған күні:
Атырау облыстық мәслихат депутаты Абзал-Сенбі Самаликовтың қамауға алынғаны туралы ақпарат басылым беттерінде жарық көргеннен кейін халық қалаулысы адвокатымен жүгінді. Олар өздеріне тағылған айыппен келіспейтіндерін жеткізіп, істің түгел бұрмаланғанын мәлімдеді деп хабарлайды Ақ Жайық.
Оның адвокаты Руслан Жақыповтың сөзінше, жанармай ұрлығы бойынша бір топ адамға қатысты іс 2020 жылдың қазан айында басталған. Өткен жылдан бері 20-ға жуық адам қамауда отыр, оларға қатысты жанар-жағармай ұрлау ісі тексеріліп жатыр, дейді заң маманы.
2021 жылы 23 ақпанда ҰҚКД қызметкерлері аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-тармағы "Аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша жаңа қылмыстық істі тіркеген.
"Сол күні, сол топ ұрлады деп болжанған сол көлемдегі жанар-жағармай материалдарын жымқырды деген күдікпен олар менің қорғауымдағы Абзал-Сенбі Самаликовты ұстады", - дейді адвокат.
Қорғаушы аудитордың қорытындысында анық емес мәлімет бар, соның негізінде Атырау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті дұрыс емес қорытынды жасағанын мәлімдейді.
"Сот-экономикалық сараптама жүргізген сарапшының да құжаттарды үстірт зерттегені қынжылтады, оның қорытындысы бүкіл қателіктерімен бірге аудитор қорытындысының көшірмесі болып табылады.
Бір айға жуық тергеуден кейін іс Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне (ЭТД) берілді, бірақ екі аптадан кейін іс ҰҚКД-не қайтарылды. Шамасы, ЭТД қызметкерлері іске қызығушылық танытпай, бұған араласпаған дұрыс деп шешкен болар", - дейді Руслан Жақыпов.
Оның сөзінше, ҰҚКД ұсталғаннан кейін 3 ай өткен соң Самаликов бөгденің жанармайын иемденбеген деп шешім қабылдады, енді айыптаушы тараптың пікірінше, ол осы топқа ұрлық жасауға "көмектескен".
"Түсінесіз бе, алдымен оны иемдену және талан-таражға арқылы ұрлады деп айыптады. Дәлелдердің жеткіліксіз екеніне көз жеткізген соң осы екі істі біріктіруді ұйғарып, Самаликовты ұрлық істің сыбайласы етті", - дейді қорғаушы.
Руслан Жақыпов жанармайдың "Қамқор Локомотив" ЖШС Мақат филиалында жөндеуде тұрған тепловоздардан, яғни, жөндеу депосынан ұрланғанын, ал бұл жеке басшылығы, мүліктің сақталуына жауапты адамдары, қоршалған аумағы, күзеті және т.б. бар мүлдем басқа ұйым екенін растайды.
"Самаликов басқа кәсіпорынның - Мақат локомотив пайдалану депосының директоры. Тергеу басталған сәттен бастап қорғаушы Самаликовтың іс-әрекетінде қандай да бір қылмыстың белгілері жоқ екенін, себебі оның бұл "топқа" ешқандай қатысы жоқ екенін алға тартты. Өкінішке орай, тергеу органы да, қадағалаушы прокурор да қорғаушының барлық дәлеліне тиісті баға бермейді, бүкіл шағым мен өтініш негізсіз қабылданбады", - деп мәлімдеді адвокат.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін басылым беттері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті "Nur Otan" партиясынан сайланған облыстық мәслихаттың депутаты Абзал-Сенбі Самаликовқа және тағы 22 адамға қатысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлаған болатын.
Қазіргі кезде депутат үйқамақта. Кейін Самаликов партия қатарынан шығарылып, оның облыстық мәслихаттағы депутаттық өкілеттігі тоқтатылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920155-magan-qatysty-is-tugel-burmalangan-atyrau-oblysynda-qamauga-alyngan-deputat-oz-oiyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.