Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қай вакцина үнді штамынан жақсы қорғайды: Отандық ғалым пікір білдірді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, иммунолог Алмаз Шарман қазақстандықтарға егіліп жатқан вакциналардың басты ерекшеліктеріне тоқталды деп хабарлайды Қазақпарат.

Оның сөзінше, еліміздегі "Спутник V" вакцинасы екі компонентін толық алған жағдайда ағзаны инфекциядан жақсы қорғай алады.

Сыңар компонентін емес, қос компонентін бірдей алу маңызды, дейді иммунолог.

Гамалея институты мәлімдеген зерттеулер зертхана құтысында жасалған. Яғни, олар вирусты құты ішінде заласыздандырды.

"Негізі, вакцинаның тиімділігі дәлелдейтін жалғыз дұрыс жол – шынайы жағдайда сынау. Басқа мемлекеттерде аденовирустық вакциналар дельта-вирустан екі компонентін бірдей алғанда тиімді қорғай алатынын көрсетіп отыр. Мен елімізде салынып жатқан вакциналар "дельта+" штамынан да қорғай алады деп топшылап отырмын. "Спутник V" вакцинасы да аденовирустық екпе болғандықтан, оны да дельта штамынан қорғайды деп айтуға болады" -деді Алмаз Шарман.

Профилактикалық медицина академиясының президенті QazVac вакцинасының мүмкіндігіне де тоқталып өтты.

"Еліміздегі вакциналардың келесі түрі инактивтендірілген екпе екенін білесіздер. Ол – Sinopharm, Sinovac сияқты екпелер. Мен бұл қатарға QazVac-ты да қосатын едім. Бұл вакциналар көбінесе қайғылы жағдайлардан қорғауға бағытталған. Яғни, ауыр жағдайдағы пациенттерді жақсы қорғайды. Бұл екпелер науқас жұқтырудан азырақ қорғағанымен, реанимация мен жасанды өкпе аппараттарына түспеуіне көмектеседі. Аталған вакциналардың осы қасиеттері дельта штамына да дәл осылай әсер етеді деп есептеймін. "Дельта+" штамы туралы естіп жатырмыз. Алайда оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлі ресми растамағандықтан, әзірге дельта штамы деп жалпы атаумен қарау жөн деп ойлаймын", - деді иммунолог.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920172-qai-vakcina-undi-stamynan-zaqsy-qorgaidy-otandyq-galym-pikir-bildirdi/

pixel