Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдан Талдықорғанға жолға шыққан көлік апатқа ұшырап, 6 мыңнан аса вакцина бүлінген

Опубликовано:

Вакцина құтылары
Көрнекі фото: Michael Ciaglo/Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігі Алматыдан Талдықорғанға тасымалдау кезінде "Спутник V" вакцинасының бірнеше мыңы бүлінгені туралы ақпаратты растады. Вакцина тиелген көлік апатқа ұшыраған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 1 маусымда Алматыдағы Бірыңғай дистрибьютор хабынан Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының Талдықорған қаласындағы қоймасына "Спутник V" вакцинасын алып бара жатқан көлік апатқа ұшыраған.

Жол-көлік оқиғасы кезінде вакцинаның бірнеше мыңы бүлінген.

"Келтірілген шығынның мөлшері 6875 дозаны құрады. Сақтау және тасымалдау қызметінің мердігері бүлінген тауарларды ауыстыру арқылы шығынды толығымен өтеп берді", — дейді денсаулық сақтау министрлігі.

Алматы облысының полиция департаменті де жол-көлік апатыны қатысты пікір білдірді. Құзырлы органның мәліметінше, жол апаты 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні болған.

"Мерседес Спринтер" автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі Алматы-Өскемен тас жолының бойымен солтүстік бағытта келе жатып, жолдың 232 шақырымында рөлге ие бола алмай, түзу бағытта қозғалып келе жатқан КамАЗ 5220 жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің де жүргізушілері жарақат алды. Әртүрлі жарақат алған жеңіл көлік жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Қазір бұл факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тиісті шаралар кешені жүргізілуде", – дейді облыстық полиция департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920267-almatydan-taldyqorganga-barar-kolik-apatqa-usyrap-6-mynnan-asa-vakcina-bulingen/

pixel