Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда карантин тағы да күшейтіледі

Опубликовано:

Астана
Фото: pixabay.com

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустың 800-ден астам жағдайы тіркелді. Елордадағы эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты карантин тағы да күшейтіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, осыған байланысты карантин талаптарының сақталуын анықтайтын мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіліп, тәулік бойғы режимге ауыстырылды.

"Егер мейрамханаларда/кафелерде және басқа да мекемелерде іс-шаралар өткізілсе, ол нысанның жұмысы тоқтатылатын болады" ,- деп ескертті елорда әкімдігі.

Сонымен қатар, 4 шілдеден бастап "Ashyq" жобасы бойынша жұмыс істейтін тамақтану орындарының (мейрамханалар, кафелер) уақыты 02:00-ден 22:00-ге дейін (жабық жерлерде), ал сыртта, яғни есік алдында жұмыс істейтін тамақтану орындарының уақыты 02:00-ден 00:00-ге дейін қысқарады.

Одан бөлек, жексенбі күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Бұл күні автобустар дезинфекцияланады.

  • "Ashyq" жобасын қолданбайтын фитнес-орталықтардың (йога орталықтары, т.б.) жұмысы аптаның барлық күнінде де тоқтатылады. Ал Ashyq жобасы бойынша істейтін фитнес-орталықтар (йога орталықтары, т.б.) дүйсенбі-жұма күндері жұмыс істесе, демалыс күндері тоқтатылады.

"Қалада қатаң карантин шараларын енгізбес үшін ұжымдық иммунитетті дамыту қажет. Ал ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-дан асуы тиіс. Қазір қалада вакцинаның бірінші компонентін 229 мыңнан астам адам алды. Медицина қызметкерлерінің 90%-дан астамы, ал коммуналдық қызметкерлердің 70%-дан астамы коронавирусқа қарсы егілді. Вакцинация ғана өз денсаулығыңызды, жақындарыңыз бен айналаңыздағы жұрттың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.

Естеріңізге сала кетейік, 2 шілдеден бастап қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенованың елорда күніне арналған бұқаралық іс-шараларға тыйым салу туралы қаулысы күшіне енеді. Жабық мекемелердегі іс-шаралардың бәріне тыйым салынады (Ashyq жобасының тәртібі бойынша театрлардың 20%-дан аспайтын толуын есепке алмағанда).

Сондай-ақ, саябақ аумағында орналасқан ашық ауадағы аттракциондардың барлық түрінің жұмысына тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920410-nur-sultanda-karantin-tagy-da-kuseitiledi/

pixel