jitsu gif

СҚО-да жайылымдық жер таппаған ауыл тұрғындары малдарын жаппай сатуға мәжбүр

Сиыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстанда жайылымдық жер тапшы. Ауыл тұрғындары мал көтерем болды деп дабыл қағып отыр. Салдарынан, шаруалар амалсыздан төрт түлікті сатуға мәжбүр болып отырғандарын жеткізді деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Жазды күні сүтті 15 литрден кем бермейтін Шарнияс Рустеновтың ірі қарасының өнімі биыл сегіз литрге әзер жетіп отыр. Ауылда жем -шөптің тапшылығынан төрт түлік азайып жатыр. Бірнеше жыл бұрын елді-мекен тұрғындары өрісте 200-ден астам түлік өргізсе, биыл ол алты есе азайған.

"10 жылқым бар еді. Бағатын жер болмаған соң, 300 шақырым жерде тұратын құдама апарып тастадым. Ауылдың жан-жағынан диқандар жерді қопарып тастаған. Шөп шабатын жер жоқ. Ауылда 30-ақ мал қалды. Оның өзі ұзаққа жетпес. Жұрт сойып тастайтын шығар", - дейді Березовка ауылының тұрғыны Шарнияс Рүстенов.

Максим Ищук 200-ге жуық түтіні бар Березовка ауылына былтыр көшіп келген. Үлкен ферма ашып, мал басын көбейтуді көздепті. Бірақ жайылым жоқ болған соң, ол ойы жүзеге аспаған.

"Ауылдың бір жағында әскери полигон тұр, екінші жағында егістік алқаптары. Бізді қысып тастаған. Мал бағатын жер жоқ. Мал арық. Кәсіп бастау үшін несие алғым келген. Енді одан айнып қалдым", - дейді аталған ауылдың тағы бір тұрғыны Максим Ищук.

Ауылда шамамен 500 гектар жер тапшы. Шенеуніктер бұл мәселеден хабардар. Олардың да жайылым жетіспеушілігіне қатысты айтар уәжі бар.

"Шаруашылықтардың көбі жерді конкурс арқылы алған. Кейбіреуі осы уақытқа дейін пайдаланылмай жатты. Енді диқандар оны шұғыл түрде игере бастады. Осыған байланысты жайылымдық жер азайып қалды. Бұл тек осы ауылға қатысты проблема емес. Көп елді мекенде мал бағатын шөбі шүйгін жер жоқ", - дейді СҚО Қызылжар ауданы Рощинск округінің бас маманы Бибігүл Мусина.

Ал СҚО Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Жалғас Сүлейменовтің айтуынша, биыл Қызылжар ауданында жайылымдық жерлер кеңейтілу мәселесі қолға алынбақ.

"Біз Қызылжар ауданының әкімдігіне жайылымдық жерлерді кеңейту туралы тапсырма бердік. Биыл 20 мыңға көбейту жоспарда бар. Березовка ауылы да соның құрамында. Сондай-ақ, бүгінде шаруашылықтармен оларға бөлінге жерді қарапайым тұрғындарға беру туралы меморандумдар жасалып жатыр", - дейді ол.

Әкімдіктегілер әскери полигонмен келісуді де көздеп отыр. Биыл құзырлы орындар биыл ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан 77 мың гектар алқапты қайтарып алып, тұрғындар игілігіне берген.

СҚО-да жайылымдық жер таппаған ауыл тұрғындары малдарын жаппай сатуға мәжбүр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.