Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ Еуропа елдеріне коронавирустың жаңа толқыны туралы ескертті

Жарияланған күні:

Коронавирус
Көрнекі фото: Mike Hewitt/Getty Images

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа елдеріне коронавирустың жаңа толқыны туралы ескертті.

ДДСҰ деректеріне сүйенсек, Еуропадағы COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бір аптада 10 пайызға артқан. Ауырғандар саны екі ай бойы азайып, енді күрт өскенін бағамдаған мамандар коронавирустың жаңа толқыны пайда болады деген пікірде деп жазады Би-би-си.

ДДСҰ өңірлік директоры Ханс Клюгенің айтуынша, қауіп вакцинаның әсері өте баяу болып жатқандықтан және жаңа штамдардың пайда болып, карантиндік шаралардың әлсіреуінен туындап отырған көрінеді. Сонымен бірге, ЕУРО-2020 инфекцияның таралуына әсер етіп жатыр. Атап айтқанда, Лондон мен Санкт-Петербургтан қайтқан жүздеген фанаттан вирус анықталып отыр.

ДДСҰ төтенше жағдайлар жөніндегі аға маманы Кэтрин Смоллвуд ұйымдастырушы қалалардағы бақылауды күшейтуді сұраған болатын.

Шотландияның қоғамдық денсаулық сақтау ұйымы сәрсенбі күні анықталған 1294 науқас вирусты 18 маусымда Лондонда өткен Еуро-2020 матчында жұқтырғанын мәлімдеді. Үндістанда пайда болған "дельта" штамы Еуропаның көптеген елі үшін қауіп төндіріп отыр. ECDC аурулармен күрес жөніндегі Еуропалық одақтың деректері бойынша, тамыз айының соңында аталған штаммен вирус жұқтырғандардың 90 пайызы ауыруы мүмкін.

Португалия қазіргі таңда Лиссабон, Порту және т.б. қалаларында түнгі коменданттық сағат жариялаған. Ал Испания 20 жастан асқан азаматтар арасында ауру жұқтыру көрсеткіші артқанын айтып, дабыл қағып отыр. Онда 100 000 адамның 366-сы КВИ жұқтырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920575-ddsu-europa-elderine-koronavirustyn-zana-tolqyny-turaly-eskertti/