БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бір бала мен үш ересек адам қаза тапты (фото)
Жарияланған күні:
1 шілдеде кешкі уақытта Чапаев-Жаңақала-Сайқын тас жолында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлады.
Ведомство дерегінше, тас жолда Lada Granta мен ВАЗ-2107 бетпе-бет соқтығысқан. Көліктерде барлығы 12 адам болған.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қайтыс болды, оның ішінде жеті жасар бала бар. Жараланған 8 адам облыстық ауруханаға жатқызылды", – деді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жанболат Жаншин.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес (абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.
"Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі рульде ұйықтап кетіп, қарсы жолаққа шығып кеткен болуы мүмкін", – деп болжам жасады полицейлер.
Еске сала кетейік, 26 маусым күні Қарабұтақ-Комсомол тас жолында адам өліміне әкеп соққан жол апаты болған еді.
Аралтөбе ауылының маңында “Лада Приора” көлігінің 25 жастағы жүргізушісі көлікпен шұңқырға түсіп кеткен.
Алған жарақаттары салдарынан жүргізуші апат орнында қайтыс болды, ал 22 жастағы жолаушы Әйтеке би ауданының орталық аймақтық ауруханасына жатқызылды.
Сонымен қатар, Алматы облысында көлік апатынан жеті адам мерт болған еді. Жантүршігерлік жағдай "Алматы-Көкпек-Көктал" тасжолында болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920623-bqo-da-zantursigerlik-zol-apatynan-bir-bala-men-us-eresek-adam-qaza-tapty-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.