Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекшин: Коронавирустың үшінші толқыны бәсеңдемей жатып, төртінші толқынға тап келдік

Опубликовано:

Вакцина салу сәті
Көрнекі фото: Joe Raedle/Getty Images

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында Алматыда коронавирустың төртінші толқыны басталғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Коронавирустың үшінші толқыны бәсеңдемей жатып, төртінші толқынға тап келіп отырмыз. Төртінші толқын коронавирустың "дельта" штамының пайда болуымен тікелей байланысты.

Ауру жұқтыру көрсеткішінің өсуіне байланысты біз 17-18 маусым күндері бірқатар зерттеу жүргіздік. Қаламызда "британиялық", екі "оңтүстік африкалық" және бір "нью-йорк" штамы бар екеніне көз жетіздік.

Үш күннен кейін зерттеулер "дельта" нұсқасының, яғни "үнді" штамының пайда болғанын көрсетті. Қазір жағдайдың өршіп келе жатқанының куәсі болып отырмыз. Анықталған 85 штамның 67-сі "дельта" нұсқасына тиесілі, демек бүгінде ол 78%-ды құрайды, бұған дейін бұл көрсеткіш 23% болған. "Альфа" нұсқасының орнын "дельта" алмастырып жатыр", – дейді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, мутацияға ұшыраған штамдардың жұқпалылығы аса жоғары болып келеді, сондықтан Алматы қаласының "қызыл" аймаққа кіруіне байланысты жаңа қаулы қабылданды.

Бекшиннің айтуынша, маусым айында коронавирус жұқтырған 4573 адам тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда жарты жыл ішінде коронавирус жұқтыру деңгейі 10 есеге өскен.

Еске сала кетейік, Қазақстанда коронавирустың "үнді" штамы тез таралып жатыр. Ол еліміздің барлық өңірінен табылған. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920676-beksin-koronavirustyn-usinsi-tolqyny-basendemei-zatyp-tortinsi-tolqynga-tap-keldik/

pixel