Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тексеріліп жатыр: ҰБТ тапсырғандардың нәтижесі жойылуы мүмкін

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі

2021 жылдағы ұлттық бірыңғай тестілеудің соңғы қорытындысы 25 тамызға дейін шығарылады. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Соңғы нәтижелер тамыз айында дайын болады. Қолданыстағы ережелерге сәйкес барлық бейнежазба 25 тамызға дейін талданады. Егер талапкердің емтихан тапсыру кезінде тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, ҰБТ нәтижесі жойылады", - дейді Тойбаев баспасөз мәслихатында.

Ол биыл ҰБТ штаттық режимде және қандай да бір форс-мажорсыз өткенін атап өтті.

Айта кетсек, биыл Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу алғаш рет "1 компьютер - 1 камера - 1 тест тапсырушы" қағидаты бойынша 51 пунктте электронды форматта өтті.

Биылғы ҰБТ-ның маңызды артықшылықтарының бірі – талапкерге тесті екі рет тапсыруға мүмкіндік берілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысы Дидар Смағұлов алғашқы тест пен соңғы нәтижеде 20 балдан артық айырмашылық болса, қосымша тексеріс жүргізілетінін айтқан еді.

Ал жүйені алдағысы келгендер жауапкершілікке тартылады.

"Біз жүйені алдауға тырысқандардың барлығын анықтап, тиісінше жазалаймыз! Бұл тест тапсырушыларға ғана емес, сонымен қатар өңірлерде ҰБТ өткізуге жауапты қызметкерлерге де қатысты. Сіздің әрбір қадамыңыз біздің бақылауымызда", - деген болатын ол.

Сондай-ақ, Дидар Смағұлов мектеп түлектерінің ҰБТ-ға ұялы телефондарды қалай тығып әкелетінін көрсеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920698-tekserilip-zatyr-ubt-tapsyrgandardyn-natizesi-zoiyluy-mumkin/

pixel