Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада үкіметтік емес ұйымдарға көмек көрсететін орталық ашылды

Опубликовано:

Үкімет ұйым11
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылордада "Халық үніне құлақ асатын үкімет" тұжырымдамасы аясында облыс әкімдігінің қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға көмек көрсететін жаңа орталық өз жұмысын бастады. "Бір терезе" қағидасымен дербес ұйымдарға қызмет көрсететін орталықтың ашылуына облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет арнайы қатысып, орталық жұмысына сәттілік тіледі.

Жастар ресурстық орталығының ғимаратының базасында ашылған жаңа орталық 3 бағытта жұмыс жүргізеді. Оның біріншісі облыс көлемінде экологиялық бағыттағы жобалардың жүзеге асуына ықпал жасау. Келесі кезекте ауылдық үкіметтік емес ұйымдар жұмысын қолдауға басымдық беріледі.

Үшінші ретте әлеуметтік кәсіпкерлікке үкіметтік емес ұйымдарды дайындау және бизнес құрылымдарымен бірге әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды да негізге алмақ. Бір уақытта 8 ұйымның жұмысын жүргізуге ыңғайластырылған нысан техникалық қажеттеліктермен толық қамтылған.

ұйым11
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Одан әрі облыс әкімінің орынбасары "Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы" Заңды тұлғалар бірлестігі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Отырыста азаматтық орталық жұмысын ұйымдастыру мен дамыту стратегиясы, аудандық, ауылдық үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету және мемлекеттік органдармен байланысын нығайту тақырыптары талқыланып, салалық принцип негізіндегі өзге де сұрақтар айналасында сөз қозғалды.

Жиын барысында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова Азаматтық Альянс мүшелері өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, ауқымды жұмыстарды жүзеге асырып келе жатқандығына ерекше тоқталды.

Қызылорда11
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Сондай-ақ, Қызылорда қаласы мен барлық аудан әкімдіктері жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестердің жұмысына талдау жасап, әлеуметтік жобалардың нәтижесі мен өзектілігін бағалау үшін құрылған облыстық "Сарапшылар кеңесі" мүшелерінің құрамы қайта жасақталандығын атап өтті.

Сонымен қатар "Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы" Заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Анар Ізден Ассоциация мүшелерінің ағымдағы жылдың екінші тоқсанында аймағымызда әлеуметтік әріптестік пен азаматтық қоғамның құқықтық дамуы бағытында атқарған жұмыстары туралы айтты.

Жиын соңында үйлестіру кеңесінің отырысында көтерілген мәселелер тағы бір мәрте сараланып, алдағы жұмыс бағыты мен ұсынымдар бекітілді. Сондай-ақ, ұзақ жылдар бойы өңіріміздегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын насихаттап, мәртебесін арттыру бағытында белсенді жұмыс істеп келе жатқан бірқатар Азаматтық Альянс мүшелері облыс әкімінің орынбасары С.Ахметтің алғыс хатымен марапатталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920711-qyzylordada-ukimettik-emes-uiymdarga-komek-korsetetin-ortalyq-asyldy/

pixel