RU

Алматыда қоймалар өртенді (фото, видео)

Өрт
Оқиға орны. Фото: zakon.kz

Бүгін таңертең Алматыдағы Жетісу ауданында ірі өрт болды. Ішінде тауар бар қоймалар өртенген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 101 пультіне 04:44-те Солтүстік айналма тас жолы ауданында орналасқан қоймалар өртенгені жайлы хабар түскен.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бірден оқиға орнына аттанған.

"Келген соң 5 минуттан кейін ішінде тауар бар қоймалар өртеніп жатқаны анықталды. Жалынның басқа қоймаларға ауысу қаупі болды.

Тез арада өрт гидрантына автоцистерналар орнатылып, судың тоқтаусыз берілуі қамтамасыз етілді. Өртті сөндіру үшін авиация тартылды", - дейді ТДЖ.

Өрт 7:44-те сөндірілген.

Өрт
Оқиға орны. Фото: zakon.kz

Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнында ТЖД 81 қызметкері мен 24 бірлік техника жұмыс істеген. Сондай-ақ, қаланың басқа да қызметтері жұмылдырылған.

Айта кетсек, бұған дейін кейбір БАҚ әскери қоймалардың өртенгенін хабарлаған еді. Алайда Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі бұл мәліметті жоққа шығарды.

өрт
Оқиға орны. Фото: zakon.kz

Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазмұнайгаздың" Румыниядағы зауытында өрт болып, бір адам қаза тапқанын хабарлаған едік.

KMG International компаниясының корпоративтік даму жөніндегі бас директоры Ескендір Әбдібайытовтың хабарлауынша, алдын ала ақпарат бойынша төтенше жағдайдан тағы бес адам зардап шеккен.

Дағдарысты басқарудың ішкі рәсімдеріне сәйкес, компания барлық ресурстарды жұмылдырған, зауыттағы технологиялық процестер тоқтатылған, барлық қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920751-alatyda-qoimalar-ortendi/