RU

Елімізде бір тәулікте 2700-ден аса адамнан коронавирус анықталды

індет коронавирус74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. coronavirus2020.kz/kz сайты ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 2 шілдеде 2765 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 797
  • Алматы қаласы - 385
  • Шымкент қаласы - 131
  • Ақмола облысы - 98
  • Ақтөбе облысы - 35
  • Алматы облысы - 88
  • Атырау облысы - 137
  • Шығыс Қазақстан облысы - 83
  • Жамбыл облысы - 37
  • Батыс Қазақстан облысы - 157
  • Қарағанды облысы - 463
  • Қостанай облысы - 53
  • Қызылорда облысы - 33
  • Маңғыстау облысы - 142
  • Павлодар облысы - 65
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 20
  • Түркістан облысы - 41

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 430 928-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 1453 адам індеттен жазылған.

Қазір елімізде 28 575 адам коронавирустан емделуде, олардың ішінде 8 640 пациент стационарда, 19 935 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

541 адамның жағдайы ауыр, 117 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 72 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Одан бөлек, 3 шілдедегі мәлімет бойынша 3 612 610 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 2 134 938 адам екінші II компонентін салдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920754-elimizde-bir-taulikte-2700-den-asa-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/