Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар мұсылмандар мен инвесторларға арналған ғарыштық жобаларды іске асырды

Опубликовано:

Құран
Фото: Eurasian Bank

Кәсіпкер Шухрат Ибрагимов ислам туралы қате түсініктер мен стереотиптерді жоққа шығару масқатында дүние жүзі бойынша діндар адамдарға Құранды оқуға мүмкіндік беретін “Divine” (ағылшын тілінен аударғанда «Таңғажайып») қоғамдық жобасын жасау туралы бастама көтерді.

1 шілдеде Флорида штатындағы Канаверал мүйісінен Илон Масктың SpaceX Falcon 9 зымыранымен ғарышқа ұшқан YAM-2 жер серігіне Құран сүрелерінің аудио және мультимедиялық файлдары, соның ішінде Сахих әл-Бухари хадистерінің толық жиынтығы жүктелді.

Жер серігі орбитада сәтті іске қосылған жағдайда, ондағы Құран файлдары ғарыштан 2021 жылдың қараша айынан бастап Divine жобасы үшін жасалған бірнеше платформаларға таратылады. Олардың арасында ресми Divine веб-сайты, сондай-ақ Divine Live қосымшасы бар, оны бүгінгі таңда Apple App Store және Google Play Store дүкендерінен жүктеуге болады.

«Заманауи ғарыштық технологияларды пайдалана отырып, біз барлығына бір уақытта ислам ілімдерін бір қайнаркөзден қол жеткізуге мүмкіндік беру үшін шектеулерді алып тастай аламыз», - деді Шухрат Ибрагимов.

Дәл сол жер серігінде ғарыш орбитасында әлемдегі бірінші және ең сенімді криптовалюта биржасын құруға мүмкіндік беретін арнайы Biteeu модулі орналастырылды. Бұл Шухрат Ибрагимов пен оның серіктесі Талғат Досановтың екінші жобасы.

Кеңістіктегі қосымша қашықтық, ұшқыр шифрланған жерсеріктік байланыстың автономиялығы және спутниктегі құпия кілтті сақтау - жердегі серверлерде кибер шабуылдар мен хакерлік шабуылдарға ұшырауы мүмкін деректер мен транзакциялардың қауіпсіздігін едәуір күшейтеді.

Криптовалюта транзакцияларының кеңінен танылып дамуы себепті бүгінгі таңда пайдаланушының жеке өмірі мен қауіпсіздігіның маңызды артты. Biteeu ғарыштық биржасы ғарыштық инфрақұрылымды пайдалануды көздейтін, жаһандық ғарыштық жобалар мен бизнестің хабына айналуды жоспарлап отырған, қазақстандық «Eurasian Space Ventures» (ESV) жеке компаниясы арқылы басқарылады.

Spacebiteeu2021 жарнамалық кодын қолдана отырып Biteeu-ге тіркелген қолданушылар өздерінің аттары мен крипто-валюта әмияндарының ғарыш жобасына қосылғанын және олардың орбитадағы Biteeu ғарыштық түйініне қауіпсіз жіберілгенін растайтын сериялық нөмірі бар сертификат алады.

Айта кетейік, қазақстандық кәсіпкер Шухрат Ибрагимов ERG тау-кен металлургиялық корпорациясы мен Еуразиялық банктің директорлар кеңесінің мүшесі. Ол әлеуметтік жобаларға белсенді түрде қатысады. Оның «I AM PART» халықаралық қайырымдылық қорын құрғаны белгілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920832-qazaqstandyqtar-musylmandar-men-investorlarga-arnalgan-garystyq-zobalardy-iske-asyrdy/

pixel