Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте карантинде жұмыс істеген ойынхана анықталды

Опубликовано:

1
Фото: polisia.kz

Шымкенттік полицейлер карантин режимінің сақталуын бақылау бойынша мобильді топпен бірлесіп күнделікті рейдтік жұмыстар жүргізеді деп хабарлайды Polisia.kz.

Кезекті рейд барысында Еңбекші ауданының тәртіп сақшылары Теріскей шағынауданы Рысқұлов көшесінде орналасқан компьютерлік ойынхана карантин талаптарын сақтамай, жұмыс істеп тұрғанын анықтады. Аталған ойын-сауық мекемесінің жұмысшылары келушілерге медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.

Сондай-ақ, ойынхана “Ashyq” бағдарламасына тіркелмегені анықталды. Жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен тиісті шара қолдану үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сонымен қатар, ойынхана ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталды. Аталған жайт бойынша мекеме әкімшісіне ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру), ал жасөспірімдердің ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындарды карантин режимін сақтауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920972-symkentte-karantinde-zumys-istegen-oiynxana-anyqtaldy/

pixel