RU

Павлодарда демалыс күндері сауналар, бассейндер, сауда үйлері жұмыс істемейді

бассейн
Көрнекі фото: Pexels.com

Павлодар облысы бас мемлекеттік дәрігерінің 4 шілдедегі №15 қаулысы шықты.

COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттану жағдайларының жалғасуына және елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты ведомствоаралық комиссияның отырысында шектеу шараларын қатаңдату туралы шешім қабылданды.

Қаулыға сәйкес келесіздей өзгерістер енгізілді: - облысаралық, облысішілік, қалааралық, ауданаралық автобус, шағын автобус жолаушылар тасымалдарына (Павлодар-Ақсу, Павлодар-Кемеңгер, Павлодар-Заңғар бағыттарын қоспағанда);

- мәдениет объектілерінің (дайындықтар), театрлардың, кинотеатрлардың, концерт залдарының қызметіне, спорттық іс-шаралар өткізуге;

- еске алу өткізуге, банкет залдарының қызметіне; - күндізгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге;

- демалыс күні азық-түлік жәрмеңкелерінің жұмысын ұйымдастыруға;

- бильярд, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, балалардың ойын-сауық орталықтарының жұмысына тыйым салынады.

Жұмыс тәртібі және толтырылуы бойынша шектеулер: - мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметіне топтардың толымдылығы 25-тен аспаған жағдайда рұқсат етіледі;

- діни объектілер жұмысын жалғастыра береді, алайда жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шаралар өткізбейді;

- қызметкерлердің 80% қашықтықтан жұмыс істеу режимі;

- қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс уақытын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, толымдылығы 50%-ға дейін, адам саны 30-дан аспауы тиіс, асхана типі бойынша объектілер – сағат 24.00-ге дейін; туризм объектілерінің, халықтың тұрғылықты жері бойынша қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың қызметі 80%-дан артық болмауы тиіс;

- балалар түзету кабинеттері, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтарында адам саны 15-тен аспауы тиіс. Сенбі және жексенбі күндері жұмысты тоқтата тұру:

- сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер, спорт нысандары, жабық базарлар, СОО, сауда үйлері, сауда желілері (азық-түлік тауарларын сататын объектілерді, дәріханаларды, сұлулық салондарын, сабын-жуу тауарларын, гигиена құралдарын, зоотоварларды, білім беру үйірмелерін, вакцинация пункттерін, сондай-ақ "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920978-pavlodarda-demalys-kunderi-saunalar-basseinder-sauda-uileri-zumys-istemeidi/