Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстанның неше өңірі "қызыл" аймақта

Опубликовано:

індет
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

5 шілдедегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 3031 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 436 962-ге жетіп отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы әкімдігі мереке қарсаңында қала тұрғындарына үндеу жасағанын жазған едік.

"Сондықтан, Алматыдағы коронавирус таралуының алдын алу жөніндегі қалалық штаб эпидемиологиялық жағдайдың ушыққанын ескере отырып, алматылықтар мен қала қонақтарын мерекелік демалыс күндері қарсаңында қоғамдық орындарға барудан бас тартуға шақырады.

Сонымен қатар, санитарлық қауіпсіздік шараларын, оның ішінде бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Жалпы, инфекциядан қорғаудың жалғыз сенімді әрі тиімді жолы — вакцина салдыру", - дейді әкімдік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921002-koronavirus-qazaqstannyn-nese-oniri-qyzyl-aiqaqta/

pixel