COVID-19: Дерттен жазылғандар мен ем қабылдап жатқандардың саны жарияланды
Жарияланған күні:
Елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы алтыншы шілдедегі ақпаратты COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК өз Telegram каналында жария етті.
6 шілдедегі мәлімет бойынша 33 029 адам коронавирус инфекциясынан (31 703 КВИ+ және 1 326 КВИ-) емделуде, олардың ішінде:
10 041 пациент стационарда;
22 988 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
633 адамның жағдайы ауыр;
144 пациенттің жағдайы өте ауыр;
76 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ елімізде 1 267 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Аймақтар бойынша жазылғандар саны келесідегідей:
Нұр-Сұлтан қаласында - 496;
Алматы қаласында - 223;
Шымкент қаласында - 25;
Ақмола облысында - 41;
Ақтөбе облысында - 0;
Алматы облысында - 23;
Атырау облысында - 24;
Шығыс Қазақстан облысында - 64;
Жамбыл облысында – 18;
Батыс Қазақстан облысында - 60;
Қарағанды облысында - 130;
Қостанай облысында - 16;
Қызылорда облысында - 17;
Маңғыстау облысында - 49;
Павлодар облысында - 61;
Солтүстік Қазақстан облысында - 7;
Түркістан облысында - 13.
Елімізде барлығы 403 388 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Еске салсақ, бұған дейін елімізде өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғанын жазған едік. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 439580 адамды құрап отыр.
Одан бөлек, Алматы облысында коронавирусқа байланысты жаңа қаулы шыққанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921059-covid-19-dertten-zazylgandar-men-em-qabyldap-zatqandardyn-sany-zariyalandy/