Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында да карантин күшейтіледі

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы облысында коронавирусқа байланысты жаңа қаулы шықты. Құжат 7 шілдеден бастап күшіне енеді деп хабарлайды Қазақпарат.

"Ойын-сауық, бұқаралық мерекелік іс-шараларды, көрмелерді, конференцияларды, форумдарды, корпоративтерді, отбасылық іс-шараларды (еске алу, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ауызашар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынсын",- делінген қаулы мәтінінде.

Сонымен қатар, қаулыда букмекерлік кеңселерінің қызметіне тыйым салынғаны жазылған.

Одан бөлек, қоғамдық көліктерде, таксилерде, әуежайларда, ауладағы балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар мен басқа да қоғамдық орындарда санитариялық және дезинфекциялық өңдеуді жүргізу, қоғамдық көлік аялдамаларына күніне кемінде екі рет, қоғамдық көлікке әрбір рейс алдында жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді жүргізу мендеттелді

Еске сала кетсек, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 3031 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 436 962-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921018-almaty-oblysynda-da-karantin-kuseitiledi/

pixel