Бір тәулікте 2700-ден аса адамнан коронавирус анықталды
Жарияланған күні:
Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандарға қатысты соңғы мәліметтер жарияланды. Белгілі болғандай өткен тәулікте 2711 адамнан коронавирус анықталды деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 799
- Алматы қаласында - 299
- Шымкент қаласында – 127
- Ақмола облысында – 126
- Ақтөбе облысында - 63
- Алматы облысында - 49
- Атырау облысында - 157
- Шығыс Қазақстан облысында - 70
- Жамбыл облысында - 35
- Батыс Қазақстан облысында - 189
- Қарағанды облысында - 395
- Қостанай облысында - 53
- Қызылорда облысында - 43
- Маңғыстау облысында - 104
- Павлодар облысында - 118
- Солтүстік Қазақстан облысында - 42
- Түркістан облысында - 42.
Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 442 291-ге жетіп отыр.
Сонымен қатар, өткен тәулікте 1511 адам індеттен жазылып шықты.
Қазір елімізде 34 189 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 10 708 пациент стационарда, 23 481 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
710 адамның жағдайы ауыр, 143 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда.
75 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Ал коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, 5 шілдедегі мәлімет бойынша аталмыш диагноз 27 адамға қойылып, 2 өлім жағдайы тіркелген.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласы №36 қалалық емханасының жылжымалы бригада жетекшісі Ілияс Сағиев неге пневмонияны дәрігердің көмегінсіз емдеуге болмайтынын айтып берген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921130-bir-taulikte-2700-den-asa-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/