Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Неге пневмонияны дәрігердің көмегінсіз емдеуге болмайды: Маман жауап берді

Опубликовано:

Ауыру
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы қаласы №36 қалалық емханасының жылжымалы бригада жетекшісі Ілияс Сағиев KAZ.NUR.KZ тілшісіне пневмонияны дәрігердің көмегінсіз емдеуге болмайтынын айтып берді.

Маманның сөзінше, өзін-өзі емдеу белгілі бір симптомдарды уақытша тоқтатуға ғана көмектескенімен, жалпы денсаулық одан әрі нашарлайды.

Ілияс Сағиев атап өткендей, пневмония белгілі бір аурудың асқынуы салдарынан жиі туындап жатады.

Оның айтуынша, дәрігер бүгін науқасқа жедел респираторлық вирустық инфекциялар диагнозын қойса, 3-4 күннен кейін оның жағдайы нашарлап, пневмония пайда болуы да ғажап емес. Оның үстіне пневмония симптомсыз болуы мүмкін.

"Әрбір ағза өзіндік ерекшелікке ие, демек ол ауруларды да әртүрлі қабылдап жатады. Яғни, егер бір науқастың ешқандай шағымдары болмаса, келесі бір науқаста дене қызуы көтеріліп, жөтелі өршіп, аурудың барлық белгілері пайда болып жатады", - дейді маман.

Сондықтан, Ілияс Сағиев өз бетіңізше емделуге тырыспауыңыз керектігін ескертуде, себебі медициналық көмексіз денсаулық тек нашарлай беруі мүмкін.

Сонымен қатар, дәрігер егер пациентте аурудың теріс динамикасы болса, дене температурасы бес күн бойы 38 градус не одан жоғары болса, сатурация 93%-ға дейін және одан әрі төмендесе, сондай-ақ, науқаста жүрек-қан тамыр және өкпе жүйесінің созылмалы аурулары болса, онда оны ауруханаға жатқызу керектігін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921125-nege-pnevmoniyany-darigerdin-komeginsiz-emdeuge-bolmaidy-maman-zauaby/

pixel