Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰБТ-2021: Қанша талапкердің нәтижесі жойылды

Жарияланған күні:

ҰБТ
Көрнекі сурет: pixabay.com

Білім және ғылым министрінің орынбасары Қуаныш Ерғалиев Ұлттық бірыңғай тест тапсыру ережесін бұзған 1 226 талапкердің нәтижесі жойылғанын жеткізді деп хабарлайды Қазақпарат.

Ерғалиевтің сөзінше, ұлттық бірыңғай тест тапсыруға тыйым салынған заттарды алып кіргені үшін биыл 756 талапкер ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылған.

"Бұл былтырмен салыстырғанда 2 есеге аз көрсеткіш. Айта кетерлігі, өткен жылмен салыстырғанда ҰБТ кезінде тыйым салынған заттардың саны 3 есеге азайды", - дейді ол министрліктің аппарат жиналысында.

Вице-министрдің айтуынша, биыл талапкерлер ҰБТ тапсыруға тыйым салынған 749 затты алып кірмек болған.

"Тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін 1 226 адамның нәтижесі жойылды. Бұл өткен салыстырғанда 86 адамға көп", - дейді Қуаныш Ерғалиев.

Айта кетсек, биыл Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу алғаш рет "1 компьютер - 1 камера - 1 тест тапсырушы" қағидаты бойынша 51 пунктте электронды форматта өтті.

Биылғы ҰБТ-ның маңызды артықшылықтарының бірі – талапкерге тесті екі рет тапсыруға мүмкіндік берілді.

Сонымен қатар, биыл елімізде шекті балл ала алмаған түлектер жоғарғы оқу орнына түсе алады.

Бұл туралы білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев айтты.

Оның сөзінше, ҰБТ-ны төрт рет тапсырып, шекті балл жинай алмаған оқушылар бар.

"Олардың уақытты құр босқа жоғалтып алғаны дұрыс емес. Сол себепті біз оларға жоғары оқу орнына оқуға түсуге мүмкіндік береміз. ҰБТ сертификатынсыз. Бірақ ол ЖОО қабырғасында жүріп бәрібір ҰБТ тапсыруы керек. Ал сертификатын кейін әкеліп тапсырса да болады", — дейді департамент директоры.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921202-ubt-2021-qansa-talapkerdin-natizesi-zoiyldy/