Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар атауының өзгеретіні рас па: Қала әкімдігі жауап берді

Опубликовано:

Павлодар қаласы
Фото: wiki-turizm.ru

Павлодар облысына барған танымал блогер Instagram парақшасында видео жариялап, өңірді Сарыарқа деп атаған. Мұны өңір тұрғындарының басым көпшілігі дұрыс түсінбеген. Осы жайтқа қатысты әкімдік пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мейіржан Төребаев өзінің Instagram парақшасындағы стористе Павлодарды Сарыарқа деп атаған.

Жергілікті парақшалар бұл тақырыпты бірден талқылауға көшкен.

"Өз атыңды ауыстыр", "Қызық, оған қанша төлепті?", "Мен атын өзгертуге қарсымын. Павлодар бар. Кешелі бері ашуым келіп отыр. Біздің қаламызды бұлай атайтындай кім едің?", - деп жазуда тұрғындар.

Осы жайтқа қатысты қала әкімдігі пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, Павлодар атауын өзгерту туралы мәселе көтерілмеген.

"Біздің ономастикалық комиссияға ешқандай өтініштер мен арыздар түскен жоқ. Әкімдік бұл мәселені қарастырып отырған жоқ. Кейбір блогерлердің Павлодарды Сарыарқа деп атаған жазбасына келер болсақ, біз оларға ешқандай пиар-компанияға тапсырыс берген жоқпыз", - деді Павлодар әкімінің баспасө қызметі.

Кейінірек, Мейіржан Төребаев парақшасында жазба жариялап, мұның қалжың болғанын айтты. Кейінгі жазбаларында "Сарыарқа" деген атау болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921209-pavlodar-atauynyn-ozgeretini-ras-pa-qala-akimdigi-zauap-berdi/

pixel