Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған науқастар үшін тағы екі аурухана ашылды

Опубликовано:

Дәрігер
Көрнекі фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі

Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауырып жатқандардың көбеюіне байланысты қосымша екі стационар инфекциялық аурухана ретінде өзгертілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

230 төсектік қалалық психикалық денсаулық орталығы және 90 төсектік ҚР Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталі.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов жаңа стационарларға қандай науқастар қабылданатынын түсіндіріп берді.

"Орташа және ауыр жағдайдағы науқастарды сол жағалаудағы психикалық денсаулық орталығының наркологиялық блогына, сондай-ақ әскери госпитальға жатқызамыз.

Ал психикалық денсаулық орталығының пациенттері одан әрі мамандандырылған көмекті психиатриялық блокта алатын болады. Осы орталықта төсек орындарын ашу қажеттілігіне байланысты біз оларды басқа корпустарға ауыстырамыз. Екі стационарда да реанимациялық төсектер бар, олар КВИ-ден емдеу үшін қажетті медициналық жабдықтармен толық жабдықталған", — деп түсіндірді ведомство басшысы.

Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, аталған екі аурухана өткен жылы COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарды емдейтін орындардың бірі болған. Ал науқастар қатары азайғаннан кейін, яғни 2020 жылдың тамызында жабылып, бұрынғы қызметіне қайта кіріскен болатын.

"Бізде науқастар қатары маусым-шілде айларында көп болады. Өткен жазды еске түсірер болсақ, науқастардың ең көп саны дәл осы айларда болған.

Тұрғындарды үйде ұстап отыру қиын. Қоғамдық орындарға адам көп жиналуынан, сол сияқты санитарлық талаптарды сақтамауынан жағдай нашарлайды. Оған демалыс кезеңі, оқушылардың жазғы каникулы, т.б. қосымша әсер етеді. Бұл аурудың өсуіне және ауруханадағы төсек-орындарының толуына әкеледі", — деп түсіндірді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұратов Тимур.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша инфекциялық стационарларда 1 877 пациент жатыр, төсек-орындарының 77%-ы толды. Оның ішінде 147 пациент (138 КВИ) реанимация бөлімшесінде (80%), ал 30 адам жасанды тыныстау аппаратында жатыр.

"Вакцина — коронавируспен күресудің жалғыз, тиімді әдісі. Вакцинация ғана өз денсаулығыңыз бен өзгелерді қауіптен қорғайды", – деп түйіндеді әкімдікте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921234-nur-sultanda-koronavirus-zuqtyrgan-nauqastar-usin-tagy-eki-auruxana-asyldy/

pixel