Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Zheka Fatbelly жол апатынан зардап шеккен көлігін көрсетті (фото)

Опубликовано:

1
Фото: instagram.com/zheka_fatbelly

Желіде Zheka Fatbelly лақап атымен танымал қазақстандық вайнер Жеңіс Омаров қымбат көлігінің қазіргі халін көрсетті. Оның темір тұлпары жол-көлік апатынан зардап шеккен деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталған оқиға жайлы Жеңіс өз Instаgram парақшасында жазды. Ол жол-көлік оқиғасының суреттерін бөлісіп, автокөлік рөлінде өзі отырмағанын да түсіндіре кетті.

"Кеше ерекше күн болды. Күнім астанада басталды. Алматыға ұшып келсем, мені тосын сый күтіп тұр екен. Менің бірінші көлігім Camry 55 еді, оны су жаңа кезінде жүргізушім сындырып алған болатын. Мен ол кезде басқа қаладан келіп, көлік жүргізушім жол апатына түскенін білгенмін. Ол қиын кезеңдер Camry-дің сынуымен аяқталды. Өмірде бәрі өз ретімен болатынын енді түсіндім.

Кеше әуежайдан түсіп, досымды күтіп тұрғанмын. Оған қоңырау шалғанымда қатты айғайлап жатқанын естідім. Ол жол апатына түскенін айтты. Аллаға шүкір, жағдайы жақсы, аман - есен",- деді вайнер өз парақшасында.

Вайнер темір тұлпарының қасында тұрып, әзілге толы видео түсірді. Жеңіс сынған автокөлік үшін қайғырмайтынын, оны алға жылжуға берілген белгі ретінде қабылдайтынын айтты.

"Демек, осылай болуы керек. Нәтиже жасалды",- деп жазды ол.

Жол-көлік оқиғасына қатысты Алматы полиция департаменті де пікір білдірді.

"6 шілде күні сағат 12:00- де М. атты азамат "Мерседес" көлігін басқарып отырған. Ол Сүйінбай даңғылында солтүстік бағытта келе жатып, рөлге ие бола алмай, бетон тірекке соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік механикалық зақым алған. Жүргізуші тексеруден өтті, үйіне жіберілді. Зардап шеккендер жоқ. Материал Түркісіб ауданы ПБ қарауында", - деді полицияда.

Айта кетейік, Жеңіс автокөлікті 20 келіге арықтаған соң өз досынан алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921254-aigili-zheka-fatbelly-zol-apatynan-zardap-sekken-koligin-korsetti-foto/

pixel