jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны екі есеге өсті

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны екі есеге өсті. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның дерегінше, өткен аптада коронавирус 1,7 есеге өсіп, соңғы тәулікте 299 адамнан вирус анықталды. Тәуліктік өсім - 0,3%.

7 шілдедегі жағдай бойынша қалада коронавирус инфекциясының 76407 жағдайы тіркелді, оның 59660-ы симптомды және 16747-сі симптомсыз, анықталмаған пневмония - 2013.

6 шілдеде коронавирус инфекциясы 299 адамнан анықталды. Оның 259-ы симптомды, 40-ы симптомсыз. Тәуліктік өсім - 0,3%. Репродуктивті саны - 1,353.

Инфекциялық стационарларда 1131 адам (80 бала) емделуде, оның 33-інің жағдайы өте ауыр, 256-сы ауыр, 842-сі орташа ауырлық дәрежесінде. Реанимация мен интенсивті терапия бөлімдерінде 102 пациент жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратында - 19, инвазивті емес тыныс алу аппаратында - 34, High flow аппаратындағылар - 22.

Алматыда 7 шілдедегі жағдай бойынша вакцинаны 534 199 адам алды, оның ішінде 5 240 полиция қызметкері, 29 501 мұғалім, 34 229 дәрігер. Вакциналанғандардың жалпы санынан 60 жастан асқандар 87134 адамды құрайды (16,3%).

Қаланың санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті егде жастағы азаматтарды белсенді түрде вакциналануға шақырады, өйткені вакцина созылмалы ауруы бар науқастардың инфекция жұқтыруларының алдын алады.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени-спорттық мекемелерде, базарларда және қаланың СОСО-да 212 екпе пункттері жұмыс жасауда. Құрамында 1260 адам бар 308 екпе бригадасы жұмылдырылған.

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны екі есеге өсті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.