"Ұшықтау үшін 1 млн сұрайды": Сынықшы Айнұр Асқарқызы өзіне қатысты қауесетке жауап берді
Жарияланған күні:
Instagram желісінде танымал блогер әрі сынықшы Айнұр Асқарқызы желіде өзін ашық түрде балағаттаған әріптесіне жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бағдагүл ханым есімімен елге танымал ақтөбелік сынықшы Instagram арқылы тікелей эфирде әріптесі Айнұр Асқарқызын елдің көзінше балағаттап тастады.
Видеоны Айнұрдың өзі парақшасында жария етті. Онда сынықшы Айнұр Асқарқызымен бірге шай ішу - миллион теңге тұратынын жеткізді.
"Айнұр Асқарқызы деген бар емес пе, мына жастар: "Жақсы адамдарды жинайық, ханым келеді" деген ғой. Солар звондаса: "Мені шайға шақыратын болсаңдар, маған 1 миллион ақша төлейсіңдер", - депті (Айнұр Асқарқызы - ред.еск.). Құдайдан қорықпағаннан қорық, аруақтан қорықпағаннан қорық дейді. Мен жағамды ұстап отырмын. 1 миллион ақша сұраған, сөйтіп отырып маған тіл тигізесіңдер", - дейді ақтөбелік сынықшы.
Ал Айнұр Асқарқызы оған жауап ретінде парақшасына аталмыш видеоны жүктеп, жазба қалдырды. Блогер өзіне ауыр сөз айтқан сынықшыға қатаң ескерту жасаған. Ол күніне 500 мың адамды қабылдап, тегін ұшықтағанын жеткізді.
"Бүгін жүрегім қақ айрылып, жанарым жасқа толып, жаным жараланды! Жүректің нәзіктігі болар. Пейілі таза адам титтей қара күйе жағылса шырылдап кететіні рас екен.. Қалың Адайдың алақанына салған ардақты қызымын, тегім Тоқтамыс Жары! 13 жасымда қолыма қасиет бітіп сынық сала бастадым.. Пір Бекеттің басына түнегенде аян берілді! Бұл қасиет аталарымнан дарыды, атақты сынықшы Несібек-Нұрдың жиенімін.
Осы уақытқа дейін қара халықтың бетін қайтарып ақша үшін арымды сатқан емеспін! Бір күнде 500 мыңға жуық адамды тегін-ақ ұшықтап, батамды беріп шығарып саламын. Қазақтың қаншама қызы кәсіп бастаса алдымен барып лентасын қиып шашуымды шашып қайтам! Ал еңбегімді ерекше бағалап астыма ат мінгізіп, шапанын жапқан қазақтың сый-сияпатын қуана қабылдаймын. Бағым Алланыкі, малым халықтыкі!
Арамдықпен атым шыққан жоқ, жүріске түспедім, арымды таптатып қалың Адайды жерге қаратқан емеспін! Марқұм күйеуімнің арын кірлетпей, жалғыз түйір қызымды жалғыз тәрбиелеп келемін. Дана Абай "сөз ұқпайтын наданнан күнде жеңілемін" деген екен! Адамға тәрбие керек! Мәдениет керек! Ауыз өзімдікі деп көки беретін көргенсіздер менен қорықпасаңдар да, Алладан қорқыңдар! Білмейтіндер біліп жүрсін, сыйлағанды аялайтын, қинағанды аямайтын Адайдың қызы оңай шағылар жаңғақ емес!", - деп жазды Айнұр Асқарқызы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921293-usyqtau-usin-1-million-suraidy-synyqsy-ainur-asqarqyzy-ozine-qatysty-qauesetke-zauap-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.