RU
Оқыс оқиға
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Ақтөбеде 9-сынып оқушылары жеті жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді

Жарияланған күні:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбелік зейнеткер осыдан төрт ай бұрын 9-сыныптың төрт тоқушысы немересіне қысым көрсетіп, мектеп ішіндегі дәретханада зорлағанын айтты. Іс құзырлы органдарға жеткенімен, жәбірленуші тарап тергеудің дұрыс жүргізілгеніне күмәнмен қарайды. Олар баласын қорлағандар жазадан сытылып кете ме деп алаңдаулы деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, жантүршіктірерлік оқиға наурыз айында болған.

"Дәретханада қолымды бұрады, құлағымды бұрады, тепті, басымнан итеріп құлатты, ұрды деді. Үйге келіп баламды суға түсірейін десем, денесін ұстатпайды, еш жерін жуғызбайды. "Жоқ, жоқ, ауырады" деді. Содан саған не істеді деп, сол кезде маған сондай әрекет жасады деп айтты. Мектептің дәретханасында төрт бала тиісті, біреуі күзетіп тұрды деді", - дейді оқушының әжесі.

Жеті жастағы оқушы мектепке барғысы келмейтінін анасына да айтқан. "Қорқам, апай күтіп алсын" депті. Бірақ, анасы оны балалығы болар деп ойлапты.

Ал әжесі мектептегі ұстаздары мен директор кешігіп келген баладан неге мән-жайды сұрамағанын түсіне алмай дал. Дәл сол күні барлық бейнекамера істеп тұрғанда, дәретханаға кіре-берістегісінің істен шыққанына күдіктеніп отыр. Оқушының әжесі істің дұрыс тергелгеніне де күмәнмен қарайды.

Әжесінің сөзінше, жантүршігерлік жайтты ұйымдастырған бала қазір бостандықта жүр.

"Бұл бала екі ай бойы тергелген жоқ. Енді барып тергеушіден сұрасам, бұл бала әкесімен басқа жаққа кетіп қалды, енді келгесін тергеледі дейді. Ол қашан келеді?", - дейді зейнеткер.

Осы ретте облыстық полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Белгілі болғандай қылмыстық істі өңірдің бас полицейі өз бақылауына алған.

"Жас балаға қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4-бөлігімен тіркелген қылмыстық ісі бар. Барлық тергеу әрекеттері аяқталған соң, сонымен қатар сараптама қорытындысы алынғаннан кейін қылмыстық іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", - дейді облыстық ПД №3 қалалық полиция бөлімі басшысының орынбасары Рафаэль Жанұзақов.

Телеарнаның мәліметінше, бұл жантүршігерлік жайттан кейін баланың психикасы бұзылған. Ол 2 ай бойы психологтың бақылауында болып, 1 апта ауруханада жатып шыққан. Дәрігерлер оның денсаулығында кінәрат барын айтқан. Жеткіншек әлі де дәрі-дәрмек ішіп жүр екен.

Ал "немеремнің балалық шағын ұрлады" деп жылаған ана президенттен араша сұрайды. Тергеушіні елордадан жіберіп, істі тікелей бақылауына алса дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/1921337-aqtobede-9-synyp-oqusylary-zeti-zasar-oqusyny-zorlady-degen-kudikke-ilindi/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

Гуляпавлодар

Сұмдық не болып барады, ата аналар енді баласын мектепке жіберуге корқатын болды ма, мектепте туалетке де камера қою керек. Мұғалімдерге ана бір мәртебе деген заң пәле болды. Олар енді кезекшілік тек атқармайды мектепте. Кезекшілік болу керек, ол тәртіптілікке шақырады баланы, бакылау болады. Ана бір өзін өзі тану, ананы тану мынаны тану деген түкке тұрғысыз пәндерден ешбір пайда болмағаны ғой. Тәрбие сағаттары жоқ. Бәрі керемет обновленка болып кетті. Енді міне результат

Comment reaction
jitsu gif